- Жарияланған: 27 қыркүйек 2018 /
2018 жылдың 29 қыркүйегінде «ASTANA HUB» Халықаралық IT-стартаптар технопаркінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қолдауымен, Дүниежүзілік банктің
"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде алғашқы технологиялық брокерлік іс-шара "Astana Technology Commercialization Point 2018" өтті. Іс-шарада стартап-компаниялар екі минуттық питчинг ішінде әлеуетті инвесторлар мен серіктестерді тартты.
Іс-шараның ерекше қонақтарының арасында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Ато Браун мырза болды. Ато Браун мырза 25 жылдан астам бойы Дүниежүзілік банк және басқа халықаралық қаржылық ұйымдар қаржыландыратын, инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалар, қызметтер көрсетуге жеке сектордың қатысуы, қызметтерді инновациялық қаржыландыру, қалалық және ауылдық аудандарды дамыту және Таяу Шығыс және Африка, Азия және Латын Америкасы елдеріндегі әлеуметтік қорғау секілді бірқатар даму бағыттарын қамтитын жобалармен жұмыс істеуде.
Аталған іс-шара отандық өнімдер мен технологияларды сыртқы нарықтарға шығаруға бағытталған. АТСР шеңберінде өткен панельдік пікірталаста қатысушылар әзірлемелерді коммерцияландыруда және нарыққа шығуда стартап-компаниялар кездесетін мәселелерін талқылады.
Іс-шарада стартаперлермен қоса шақырылған технологиялық компаниялар да сөз сөйлеп, өнімді халықаралық нарықтарға табысты шығаруы туралы тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараны ұйымдастырушы: "Технологияларды Коммерцияландыру жөніндегі Мамандар Альянсы"
Қоғамдық бірлестігі Технологиялық брокерліс іс-шара «Astana Technology Commercialization Point 2018» – бұл серіктестік байланыстар мен ынтымақтастық, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін инновациялық компаниялар, жаңа технологияларды әзірлеушілер, бизнес өкілдері, инвесторлар және басқа да мүдделі тараптарды қосқанда, технологияларды коммерцияландырудың барлық стейкхолдерлерін бір алаңда жинауға арналған кәсіби нетворкинг іс-шара.
"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы - бұл жоғары зияткерлік ортаны қалыптастыру және қазақстандық әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған ҚР Үкіметі атынан ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банктің ортақ жобасы.