- Жарияланған: 27 қараша 2018 /
Семинарларға 30-дан астам адам қатысты, онда олар жеке тиімділікті, тайм-менеджментті, коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық дағдыларын, тиімді презентация өткізу және т.б. дағдыларды арттырудың әр түрлі әдістерімен танысты.
Төрт күн ішінде сертификатталған бизнес-жаттықтырушы, бизнесті дамыту жөніндегі консультант, MBA Қайсар Мақанның басшылығымен семинар қатысушылары теориялық негіздермен танысып қана қоймай, сонымен қатар практикалық тапсырмаларды орындады.
- Маған команданы құру, команданың жұмыс істеуі тақырыбына көп уақыт бөлгеніміз өте ұнады. Мен үшін ең басты нәтиже, біз төрт күн бұрын таныс емес адамдармен тіл табысып, бір-біріміз туралы көп нәрсе үйрендік, - дейді грант алушы Темірхан Жаңабергенов.
Семинарға грант алушылар ғана емес, сонымен қатар Дүниежүзілік банк, Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес өкілдері де қатысты.
- Бұл тренинг есте қаларлықтай болды. Мен өзім үшін көп жаңа нәрсе үйрендім. Біраз қателерді түзету, басымдықтарды ажыратып, бүгін үйренген ережелер бойынша жұмыс жасау қажет, - деп грант алушы Азамат Рахымбеков өз ойымен бөлісті.
Семинарға қатысушылар шақырылған тренердің біліктілігін, жайлы орта, қызықты тапсырмалар мен пайдалы білім алғандарын атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.