- Жарияланған: 25 желтоқсан 2018 /
2018 ж. 22 және 24 желтоқсанда ҚР БҒМ Ғылым комитеті мен Жобаларды басқару тобы қызметкерлері үшін «Әлеуметтік желілерде және Интернет кеңістікте жұмыс істеудің негізгі бағыттары. Жеке бренд» және «Мемлекеттік және квазимемлекеттік жобалар коммуникациялары» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Семинарларды шақырылған тренерлер Федоров, Я. И. және Джалдинов А. М. өткізді.
Семинардың бірінші күні әлеуметтік желілер мен интернет кеңістікте жұмыс істеу кезінде жеке брендті құру және ілгерілету, оның ішінде жаңа әдістерді қолдану үшін қолданылатын құралдар мен техникалар қарастырылды, мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік желілеріндегі ресми сайттар мен беттердің интернет үлгілері мен жеке беттер талқыланды.
Екіншіден, мемлекеттік және квазимемлекеттік жобаларда коммуникацияларды құру кезінде қолданылатын әдістер сипатталды және көрсетілді, атап айтқанда дағдарысқа қарсы коммуникацияларды құру кезіндегі жұмыс тетіктері баяндалып, PR-қызметтің құқықтық алаңы толық талқыланды.
Семинар соңында барлық қатысушылар жоғарыда көрсетілген семинарлардан өткендігі туралы сертификаттар алды.