- Жарияланған: 14 ақпан 2019 /
Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде ғылыми гранттар бағдарламаларының мамандандырылған тізімін (регистр) құру жұмысы қолға алынды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Технологияларды коммерциализацияландыру кеңселерімен қарым қатынасты нығыйту мақсатында кезекті кездесү өткізілді.
Кездесу барысында, әлемдік қауымдастық ғылымның дамуына жаңа талаптарды белгілейтіндігі жайлы сөз қозғалды. Қазақстанның ғылыми ұйымдардың және ғылымды дамытуға қатысатын адамдардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру мақсатымен сыртқы қаржыландыруды тарту тәжірибесін енгізу керек екені баршаға аян.
Қазақстандық зерттеулерді ғаламдық инновацияларға және ғылыми экожүйеге интеграциялауды жеделдететін нысынанын бірі. Осылайша, қазақ ғылымын халықаралық деңгейге шығара аламыз.
Алғашқы, тесттік нұсқасы www.fpip.kz сайтының негізінде іске қосылды.
Болашақта бұл әдістемелер кеңейтіліп, ашық ақпарат көздерінен автоматты түрде жинайтын сандық платформа болып өз жұмысын дербес түрде атқарады.
Халықаралық гранттар бағдарламаларына конкурстық өтінімдерді дұрыс тапсыру үшін жоғары оқу орындарында орналасқан технологияларды коммерциализациялау жөніндегі кеңселермен белсенді жұмыс жүргізілуде.
Болашақта осы ғылыми гранттар бағдарламаларының мамандандырылған тізімін (регистр) құру жұмысын насихаттау үшін Қазақстанның түпкір-тіпкірінде орналасқан жоғары оқу орындарында жоспарлы кездесулер өткіземіз.
Анықтама үшін: Ғылыми гранттар бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі - регистр) түрлі қорлар мен мекемелер бөлінген халықаралық гранттардың тізімін және ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері үшін үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар ұсынатын гранттар тізімі.