2019 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласы, Пожарский көшесі, 1 (Сәтбаев көшесі мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында), «Grand Aiser Hotel», 2-қабат, «Төле би» конференц залында Әлем банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдауымен жаңа перспективалы және инновациялық өнім - «ВАКУУМДЫ ЖЫЛУОҚШАУЛАҒЫШ ПАНЕЛЬДЕР» желісін ашуға арналған «Қазақстан нарығына арналған инновациялық шешім – вакуумды жылуоқшаулағыш панельдер» атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты Әлем банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдауымен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «SAVENERGY» ЖШС өнімі – инновациялық вакуумды жылуоқшаулағыш панельдерін презентациялау болып табылады.

Семинарға 60-тан астам адам қатысты, соның ішінде құрылыс компаниялары, жобалау мекемелері, Алматы қаласының әкімшілігі, «Атамекен» ҚР ҰӘП қатысты. Өнімнің перспективасы талқыланды, үлгілері ұсынылды және оның бірегей артықшылықтарының көрнектілігі көрсетілді, сонымен қатар, вакуумды жылуоқшаулағыш панельдерін қолдану бойынша мастер-класс өткізілді.

Семинар шеңберінде панельдердің шығуы тарихы, оның қаситтері, артықшылықтары мен өндіріс үрдісі жөнінде «SAVENERGY» ЖШС компаниясының директоры Нұрлыбаев Руслан,  PR-менеджер Джолдасов Айдос, сонымен қатар Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың коммерциализациялау офисінің бас менеджері Қаттабеков Арслан сөз сөйледі.

Компанияның қызметкерлері панельдердің қаситтерін, жеке алғанда отқа төзімділіген көрсетті.

 

«Құрылыс материалдарын сертификатты сынақтау орталық зертханасы» ЖШС директоры – Естемесов Затқали Айранбайұлы зертханасында вакуумды жылуоқшаулағыш панельдерді сынақтан өткізген нәтижелерімен бөлісті.

Қорытындылай келе, «Қазақстандық құрылыс материалдарының өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ президенті және техникалық басшысы Алмабаев Сатбек Джандилович, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, «Қазақстан Республикасы Инженерлік компаниялар одағының»  атқарушы директоры Алпысбаев Мелик Нармұхамбетұлы бұл өндірістің өзектілігі және қазіргі уақытқа қажет ететіндігін туралы айтып өтті.

«Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсының» атқарушы директоры Ахимбеков Абылай осы жобадағы Альянстың қызметін әңгімелеп берді.

Семинар пікір таластар мен қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

Семинардың барлық қатысушылары сертификаттар алды.