- Жарияланған: 10 сәуір 2019 /
8 сәуір күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ұлттық университетінде және Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Өнімді инновацияларды ынталандыру" ЖБТ қызметкерлері Жоба құралдарын түсіндіру бойынша семинар өткізді. Менеджерлер университет ұжымы мен ғалымдардың сұрақтарына жауап берді. Жалпы кездесуде бағдарламаның шарттары туралы мәселелер талқыланды.
Бұл гранттық бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының "нақты" секторына енгізу үшін халықаралық ауқымда бәсекеге қабілетті зерттеулер алу. Алдымызда тұрған міндет - бәсекеге қабілетті зерттеулер алу. Біздің бағдарлама зерттеушілік компонентке баса назар аударады. Сондықтан, қатысушылар докторантураның 1 курсын бітірген докторанттар немесе техникалық, медициналық және жаратылыстану ғылымдары бойынша докторлық дәреже алғанына 5 жылдан аспаған ғылыми қызметкерлер болуы тиіс.
Бағдарлама пилоттық болып табылады және мұндай гранттарға деген сұранысты зерттеуге және біздің жас ғалымдарымыздың зерттеу сапасын талдауға бағытталған. Бағдарламаның бірінші раунды біздің ғалымдарды QSRankingbysubject top-100 рейтингіне (әлемдегі университеттердің рейтингісі) қабылдауға дайын екендігін көрсетті, бұл жағдай GP міндетті талап болып табылады ) кіретін АҚШ, Сингапурдың, Германияның, Австралияның, Голландияның және т.б. әлемдік жетекші ғылыми орталықтары қабылдауға дайын екенін көрсетті.
"Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар" гранттық бағдарламасы шетелге "brain-drain" мәселесін шешуге және болашақ жас ғылыми қызметкерлерге әлемдегі үздік ғылыми орталықтар базасында сапалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бүкіл әлемнің ғалымдарымен жаңа байланыстарды жолға қоюға ықпал етеді. Бұл бағдарламаның аясында қазақстандық ғалым өзінің саласы бойынша әлемдегі ең үздік мамандармен бірлескен зерттеулер жүргізуге және олардың басшылығымен жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
Шетелде бірлескен зерттеулер тәжірибесін алған ғалымдар кейіннен Қазақстанда жүргізілетін зерттеулердің сапасын айтарлықтай жақсартады, сондай-ақ әлемдік ғылыми қоғамдастықпен жаңа ғылыми байланыстар жасауға ықпал етеді деп күтілуде.
Бізге Қазақстан экономикасының "нақты" секторына одан әрі енгізу үшін халықаралық ауқымда бәсекеге қабілетті зерттеулердің "пулын" алу қажет. Біздің грант алушыларға қойылатын негізгі талаптардың бірі бизнес-жоспарды немесе коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу болып табылады, бұл одан әрі инвесторды табуға, мемлекеттен қаржыландыруды алуға немесе өз бетінше бизнеске енуге көмектеседі.
Сонымен қатар, жеңілдетілген өтінім беру процедурасы электронды түрде Портал арқылы жүргізіледі, минималды құжаттар пакетімен. Іріктеуді халықаралық сарапшылар кеңесі жүргізеді. Сарапшылар өтінім берушілердің әзірлемелерін коммерцияландыру перспективасын объекивті бағалайды. Халықаралық практикада ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру деп, әдетте, әзірлемелерді өндіріске немесе бизнеске енгізуден үлестік пайда алуды, патенттеу жөніндегі жұмысты және осы патенттерге лицензия сатудан пайда алуды түсінеді. Бүгінгі таңда ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау үлкен маңызға ие. Сондай-ақ, университеттерге жаңа білім мен инновациялар жасалатын орын ретінде ерекше мән беріледі. Бұл ретте мемлекеттің рөлі өте маңызды және көптеген елдер ғалымдарды қолдауға едәуір бюджет бөлуде. Осылайша, бұл бағдарламаның ерекшелігі - тағылымдамадан өту шеңберінде кандидаттар өнертабысты патенттеуге (РСТ) беруге міндетті, бұл болашақта өнертабысты коммерциялық енгізу мүмкіндігін табуға көмектеседі.