2019 ж. 7 - 12 сәуір аралығында «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобы Жобаның 4-компонент «Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) және қолданыстағы институционалдық құрылымдардың әлеуетін арттыру үйлестіруді нығайту» аясында Шымкент, Туркестан, Алматы қ. қазақстандық ғалымдарға арналған семинарлар өткізуде.

Аталған семинарлардың мақсаты халықаралық гранттық бағдарламаларға конкурстық өтінімдерді беруді ынталандыру.    

Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық ғылымның дамуына өзіндік шарттарды талап етеді. Сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен ғылымды дамытумен айналысатын тұлғалардың зерттеу қызметін ынталандыру үшін Қазақстанда да бюджеттен тыс қаражатты тарту практикасын енгізу қажет (сыртқы қаржыландыру/шетелден қаржыландыру).  Бұл қазақстандық зерттеулерді жаһандық инновациялық және ғылыми экожүйеге интеграциялау процесін жеделдетуге мүмкіндік туғызады.  Бұл әзірлемелерді халықаралық деңгейге шығаруға ықпал етеді.

Семинар бағдарламасы: ғылыми гранттарды іздеу, конкурстық өтінім беру бойынша құралды пайдалану жөнінде нұсқаулар сияқты әдістерді қамтиді. Ғылыми гранттық бағдарламалар тізілімімен (бұдан әрі – Тізілім) жұмыс істеу негіздері – әр түрлі қорлар мен мекемелер бөлетін халықаралық гранттардың және ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері үшін мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар бөлетін қазақстандық гранттардың тізбесі.

Пилоттық нұсқаны іске қосу www.fpip.kz сайт негізінде жүзеге асырылды.

Кейіннен осы құралды кеңейту және ашық ақпарат көздерінен деректерді жинаумен автоматты түрде айналысатын сандық платформаға айналдыру жоспарланып отыр.

Аталған семинарларды ұйымдастыру шеңберінде ЖБТ Әуезов атындағы ОҚМУ, Яссауи атындағы ХҚТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Сәтпаев университеті, Тұран университеті, ҚБТУ, ҚазҰАУ-да болды.

Семинарға ғалымдар, магистратура және докторантура студенттері, сондай-ақ университеттердің оқытушылар құрамы қатысты.