Жоба аясында 2 құрылыс материалдарын өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде: қосымша күшейтілген жылу оқшаулауды талап етпейтін, конструкциялық энергия үнемдеуші материалдар.

Газ шыны қосылған бетон және кеуек шыны қосылған   бетон тұрғын үй, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы құрылысы, мектептер, ауруханалар, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарды салу сияқты құрылыс өнеркәсібінің барлық салаларында қолданылады.

Атап кететін жай, көрме барысында құрылыс компаниялар қызығушылық танытты. Көрме негізінде Bi Group және Aldar EuroAsia LLP компанияларымен перспективалы кездесулер өткізілді, онда құрылыс материалдарын - газ шыны қосылған бетон және кеуек шыны қосылған   бетон   қолдану мәселелері талқыланды. Көрмеге келушілердің тарапынан жаңа материалдарға деген қызығушылық артты. Келісімге қол жеткізілді және одан әрі ынтымақтастық үшін іс-шаралар белгіленді.

ҚР Білім және ғылым министрі К.Н. Шамшидинова "Escolit" ЖШС стендіне барып, өнімдерімен танысты.

Көрмеге келушілер жаңа құрылыс материалдарының қандай артықшылықтары бар екендігі туралы кеңейтілген ақпарат алды:

  • Нарықтық құны бәсекелестерге қарағанда 1,5-3 есе төмен;
  • Шикізат ретінде ұсақталған техногендік шыныны құм орнына пайдалану;
  • Өнеркәсіптік дамыған өңірлерде экологиялық жағдайды жақсарту;
  • халықтың аурушаңдығын төмендету;
  • Шетелден әкелінетін құрылыс, физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттері бар құрылыс өнімдерінің көлемін төмендету.

Жобаны әзірлеу және оны іске асыру процесінде жылына 5616 текше метр көлемінде құрылыс бұйымдарын өндіру ұйымдастырылады, онда 30 тұрақты жұмыс орны, сондай-ақ тапсырыс бойынша технологиялық желілер құрылатын болады.