2019 жылғы 22-26 сәуір аралығында Ресей нарығында жұмыс істейтін венчурлік қорлармен (бұдан әрі - ВҚ) тәжірибе алмасу және әлеуетті инвесторларды және басқарушы компанияларды тарту мақсатында Мәскеу қаласына іссапар ұйымдастырылды.

Кездесулер мен келіссөздердің негізгі міндеті Ресей мен ТМД нарығында венчурлік қорларды құру және жүргізу тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ одан әрі серіктестік өзара қарым-қатынастар үшін байланыстарды жолға қою болып табылады.

Келіссөздер мен кездесулер барысында ВҚ құруға қатысты мынадай мәселелер талқыланды: ВФ құрылымдау үлгілері, ВФ құрудың негізгі шарттары, оның ішінде Қордың мандаты мен мөлшері, инвестициялау географиясы, бас әріптестің сыйақысы, жобаларға берілетін инвестиция мөлшері, технологиялық фокус, инвестициялық стратегиялар және оңтайлы инвестициялық саясат. Сондай-ақ, ТМД елдерінің юрисдикцияларында және ағылшын құқығы қолданылатын арнайы юрисдикцияларда қорды құрылымдаудағы проблемалар мен шешімдер талқыланды.

Кездесуге Ресейдің жеке меншік ВҚ, сондай-ақ мемлекеттік қорларының өкілдері қатысты: РВК, РФПИ, PRYTEK, Cabra.vc, Қиыр Шығыс жоғары технологиялар қоры, VTB Capital, Сколково, ФРИЯ, EG Capital, I2BF, Almaz Capital, Linn Grove Ventures және Leta Capital.