- Жарияланған: 02 шілде 2019 /
Нұр-Сұлтан қаласында «EdTech Forum: People. Inspiration. Progressive growth" форумы өтті.
Бұл - елімізді ғаламдық мүмкіндіктермен байланыстыратын білім беру технологиялары саласындағы алғашқы қазақстандық іс-шара, онда кіші және аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттық бағдарламаның кіші жобасы «Кәсіптік бағдарлау, мамандықтардың қажеттіліктерін талдау мен болжаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» қатысты.
EdTech форумы өз алаңында білім беру технологияларымен айналысатын және білім беру саласын дамытуға мүдделі, өз технологиялары арөылы білім беруге қолжетімділікті арттыруға тырысатын танымал әлемдік сарапшылар мен білім беру технологиялары саласының жергілікті қатысушыларын, министрліктер мен ведомстволарды, ЖОО-ларды, кәсіби қоғамдастықты, әзірлеушілер мен инвесторларды жинады.
Кіші жоба жетекшісі Bagdar.kz ақпараттық жүйесімен таныстырды. Жүйені жақсарту бойынша ұсыныстар алынды. Іс-шараның модераторы "Зерде" ҰИХ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел Көктышев болды.