- Жарияланған: 10 қыркүйек 2019 /
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары мен асыл тұқымды тектерін растау үшін генетикалық зерттеулер саласында халықаралық сапа сертификатын алған алғашқы компания.
"Genesis.KZ" ЖШС Ғылым комитеті мен Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының гранттық бағдарламасының жеңімпазы. Бұл ауылшаруашылық жануарлардың тұқымын растау бойынша жануарларын генетикалық зерттеу саласында халықаралық сапа сертификатын алған алғашқы компания. 2019 жылдың қыркүйек айында ауыл шаруашылығы малдарын генетикалық зерттеу және асылдандыру жұмысының сапасын генетикалық бақылаумен айналысатын зертханалардың жұмысы сапасын халықаралық салыстырмалы сынаудың кезекті екі жылдық циклі аяқталды. Зертханалардың жұмыс сапасына осындай зерттеулерді әрбір екі жыл сайын халықаралық өкілетті ұйым Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамы (International Society for Animal Genetics) (АҚШ-тағы орталық кеңсе) жүргізеді, олар малды идентификациялау, шығу тегін растау, мәлімделген тұқымға жататынын растау үшін генетикалық зерттеулер жасайды. Pерттеу аймағы мал өсіруге жауапты мемлекеттік органдар үшін, мал өсірушілердің коммерциялық емес ұйымдары (палаталары) және малды генетикалық бақылауды жүзеге асыратын шаруашылықтардың өздері үшін маңызды. Қазақстанда ет бағытындағы (ангус, герефорд және т.б.) тұқымдар үшін ІҚМ төлінің шығу тегін генетикалық растау міндетті.
Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамының зертханалар жұмысының сапасын салыстырмалы тексеруіне қазақстандық қатысушы - Нұр-сұлтан қаласында орналасқан "Genesis.KZ" ЖШС қатысты.
Халықаралық тесттер келесідей өткізіледі:: барлық зертхана-қатысушылар Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамының орталық кеңсесінен белгісіз генотиптері бар шифрланған үлгілерді және қағаздағы тест тапсырмасын алады. Міндет үлгілерді зерттеу және туыстықты орнату болып табылады. Зерттеу нәтижелері мен шешілген тест тапсырмалары Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамының орталық кеңсесіне жіберіледі.
Жұмыс сапасын тексеруге қатысу нәтижелері бойынша "Genesis.KZ" ЖШС халықаралық сапа сертификатын алды: 1 генотиптеу ұқыптылығының абсолюттік дәрежесі генотиптерді анықтаудың дәлдігі 98%-100% және белгілі бір генотиптер негізінде жануарлардың туыстығын анықтау бойынша тест тапсырмаларын толық дұрыс шешілген. Бүкіл әлем бойынша қатысушы зертханалардың 50%-ы ғана осындай нәтижеге қол жеткізді.
"Genesis.KZ" ЖШС үшін сапа сертификаты (компанияның Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамындағы тіркеу нөмірі 128870) қоса тіркелген.
"Genesis.KZ” ЖШС туралы қысқаша ақпарат
"Genesis.KZ" ЖШС 1-санатты беру және асыл тұқымды істі дамытуға мемлекеттік субсидия алу үшін ірі қара малдың (ІҚМ) шығу тегін генетикалық растау коммерциялық қызметін көрсетеді. Қызметтің мәні әкесі мен анасы бойынша ата-анасын растау үшін генотиптеу, шығу тегін анықтау, малдың генетикалық деректерін (генотиптерді) асыл тұқымды ІҚМ ұлттық базаға (АТЖ базасы) енгізу және тапсырыс берушілерге генетикалық паспорттар (сертификаттар) беру болып табылады. Біздің генетикалық сертификаттар негізінде клиенттер бұқашықтар үшін 1 санатты және мемлекеттен субсидия алады.
Біз ірі қара малды генотиптеумен айналысамыз, АТЖ базасында генотиптерді орналастырамыз және генетикалық паспорттарды рәсімдейміз.
Процесс төмендегі рет бойынша жүргізіледі:
- Тапсырыс беруші шаруашылық шартты толтырады (үлгіні жібереміз) және жедел поштамен бізге шарттың екі данасын және кестелерді жібереді. Құжаттармен бірге шаруашылық "Genesis.KZ" ЖШС-не ІҚМ шашын жібереді. Шаш арнайы конверттерге салынады және полиэтилен қапшықтар зип-локтарға салынады. Поштамен жіберіледі (салқындату қажет емес).
- Алдын ала төлеу мен шаш сынамасын алғаннан кейін біз генотиптеуді орындаудамыз және АТЖ-ға генотиптерді енгіземіз және генетикалық сертификаттар (генпаспорттар) әзірлейміз. Бас анықтаманы электронды түрде немесе тапсырыс берушінің қалауы бойынша да қағаз түрінде жібереміз.
- Жұмыстар аяқталғаннан кейін "Genesis.KZ" ЖШС клиентке бұқашықтарға генетикалық сертификаттар және шарт бойынша құжаттарды жібереді.