2019 жылы 13 қыркүйекте Технологияларды коммерцияландыру департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің Жобаны басқару тобының (ЖБТ) өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге факультет декандары, декандардың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен ЕҰУ ғалымдары қатысты.

Аталған кездесудің мақсаты халықаралық гранттық бағдарламаларға конкурстық өтінімдерді беруді ынталандыру болып табылады.

Кездесу барысында Қазақстанда технологияларды коммерцияландыруды іске асыру жоспарының презентациясы, коммерцияландыру кеңселері туралы ақпарат, басқа дамыған елдердегі жаңа технологиялар таныстырылды. "Агрегатор" халықаралық гранттық бағдарламалар реестріне ерекше назар аударылды. Бұл халықаралық гранттар базасы, онда қазақстандық ғалымдар, студенттер мен ұйымдар үшін қолжетімді гранттар туралы ақпарат жиналады. Қазіргі уақытта базада 400-ден астам түрлі бағыттағы гранттар бар (fpip.kz/index.php/ru/other-grants).

ЖБТ директоры Мұрат Сартбаевтың айтуынша, қаржылық көмекті іс жүзінде қызметтің кез келген түріне – академиялық бағдарлама бойынша оқудан бастап ғылыми зерттеулер жүргізуге, арт-резиденцияда жұмыс істеуге және ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуға дейін алуға болады. Әрбір гранттық бағдарламаның өзіндік сипаттамалары, міндеттері мен талаптары бар.

ЖБТ қызметкерлері қатысушыларға гранттық бағдарламаларға қатысуға кедергі келтіретін факторлар туралы және оларды жеңу үшін не қажет екенін, "Агрегатор" сайтында ғылыми зерттеулердің қолайлы бағытын қалай таңдау керектігін түсіндірді. Барлық ұсыныстар гранттық бағдарламалардың Агрегаторында жиналады - олардың саны көп, гранттар мен стипендиялар әлемімен танысуды осылардан бастау қисынды. Олардың барлығы фильтрлермен қамтылған, гранттарды елдер, дедлайндар, пәндік салалар және т. б. бойынша сұрыптауға болады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен болашағы талқыланды.

"Біз ЖБТ-мен жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз және біздің ғалымдар халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысуға дайын, - деп атап өтті ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректор Гүлнар Мерзадинова. - Бізде мұндай ғылыми бағдарламаларға қатысудың оң тәжірибесі бар. Мен ЖБТ өкілдеріне біздің әріптестерімізге берген құнды ақпарат үшін алғыс білдіргім келеді".

 

Көзі: http://www.enu.kz/ru/info/novosti-enu/57999/