- Жарияланған: 19 қыркүйек 2019 /
Дүниежүзілік банк өкілдері: Мариалиса Мотта ханым, Еуропа және Орталық Азия аймағындағы қаржы, бәсекеге қабілеттілік және инновация бойынша жаһандық тәжірибенің жетекшісі, Стефка Славова ханым - бас экономист, Пауло Корреа мырза - кеңесші, жобаның мониторингі мен талдауы аясында ҚР БҒМ ҒК мен Дүниежүзілік банк біргелікте іске асырылып жатқан "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының кіші жобаларына барды. Атап айтқанда, үш табысты кіші жобаға мониторинг жүргізілді: Genesis, Green-lab және X-matrix.
Genesis Компания ірі қара малдың генотиптеу, асыл тұқымды төлін анықтау және кейіннен генетикалық паспортты ресімдеумен айналысады. Компания тұқымды және асыл тұқымды текті растау үшін ауыл шаруашылығы малдарын генетикалық зерттеу саласында халықаралық сапа сертификатын алған табысты кәсіпорын және алғашқы компания болып табылады.
Дүниежүзілік банк өкілдері жобаны жүзеге асыруға, Банк пен мемлекет тарапынан инвестицияларға, сондай-ақ компанияның болашақ даму перспективаларына қатысты түрлі сұрақтар қойды.
Жоба жетекшісі Александр Шустов, сатып алынатын жабдықтың қымбат болуына байланысты жобаны іске асыру гранттық қолдаусыз мүмкін болмайтынын атап өтті. Болашақта компания өзінің инновациялық технологиясын коммерцияландыру жөніндегі маман арқылы және бизнес пен ғылымның симбиозы арқылы әрі қарай кеңейіп, шетелдік компаниялардың тапсырыстарын қабылдауды жоспарлап отыр.
X-matrix Жобаның жетекшісі-Абуғалиев Қабылбек, комбустиолог дәрігер (күйіктерді емдеу жөнінде хирург). Дүниежүзілік банк өкілдеріне күйік жараларын қарапайым бинттен үш есе жылдам емдеуге мүмкіндік беретін өзінің инновациялық биологиялық таңғыштарын таныстырды, арзандық, жылдамдық пен мұсылмандар үшін тартымды ететін құрамы сияқты өз өнімінің бәсекелестік артықшылықтары туралы айтты. Сондай-ақ ол өз жобасының келешегімен бөлісті, онда нарыққа сәтті шыққаннан кейін, ол жобаны басқаруды тәжірибелі менеджерге беріп, өзі толық ғылым мен медицинамен айналысуды жоспарлап отыр.
Green lab. Какимжанова Алмагуль Апсаламовна - жоба жетекшісі микроклональды көбею туралы баяндап, шағын бүршіктен бір жарым метрлік терекке дейінгі көшеттердің дамуын бақылауға болатын зертхананы көрсетті. Бұл әдіс биіктігі 2-ден 3 метрге дейінгі көшеттерді алу уақытын екі есеге қысқартатынын ерекше атап өтті. Екпе көшеттердің жерсіну пайызын арттырады. Отырғызу материалының құнын арзандатады. Өсімдіктерді ашық топыраққа түсірмес бұрын оларды арнайы қоректік ортасы бар стерильді пробиркаларға орналастырады. Мұндай жағдайларда өсірілген өсімдіктер шетелден импортталатын отырғызылатын материалға қарағанда, Қазақстанның климаттық жағдайларына көбірек бейімделген, сондай-ақ жоғары төзімділікке ие.
Дүниежүзілік банк өкілдері аталмыш кіші жобалардың өзектілігін атап өтіп, олардың ғылыми негізін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, аталған жобаларды ғылымның табысты дамуының мысалы ретінде бизнес модель ретінде қарастыруға болады деген пікірін білдірді.