4 қазанда "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы Ғылым комитеті және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірлесіп Шымкент қаласында Орталық Азия мен Қазақстанда қуаты 220 кВ кернеулі 63 МВА класты автотрансформатордың ашылуына орай  салтанатты тұсаукесерге қатысты.

Аса қуатты автотрансформаторды "КазНИПИИТЭС "Энергия" АҚ және "Электродеталь" ЖШС және  "Alageum Electric" компаниясының құрамына кіретін Кентау трансформатор зауытының ғалымдары мен инженерлері жасап шығарды.

Жаңа трансформатор Қазақстандағы табысты импортты алмастырудың жарқын үлгісі болып табылады және жақын арада электр энергиясын Түркістан облысының үш ірі аудандары бойынша бөлетін болады: Келес, Сарығаш және Мақтарал. Автотрансформаторды әзірлеуші - техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Сергей Евгеньевич Соколов жоғары қуаты бар трансформаторларға деген сұраныс жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өтті, өйткені өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынған ескі жабдықтардың біртіндеп тозуына байланысты Қазақстанның барлық қосалқы станцияларына жақын арада күрделі жаңғырту қажет болады.


Бұл әзірлеме 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесе іске асырып жатқан Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының "Өндірістік сектор консорциумдары" бағдарламасы шеңберінде қолдау тапты.