- Жарияланған: 15 мамыр 2020 /
Түркістан облысында тоғанды су жуып кету нәтижесінде, кейбір қиыншылықтар орын алып отыр. Бүгінде Мақтаарал аудынының біршама ауылдары су қыспағында. Осының нәтижесінде 31 000 ға таяу тұрғындар баспанасыз қалды. Шамадан тыс нөсердің нәтижесінде туындалған қиыншылықтарды жоюға бағытталған құтқару жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Орын алып отырған жағдайға қазақстанның барлық азаматтары жан-тәнімен алаңдаулы.
Осыған байланысты, біз сіздерді қазақстандық ғалымдар жасаған жаңалықпен таныстыруды жөн көріп отырмыз. Әңгіме құрылыс материалдарымен тұрғын үйді жылдам көтеруге арналған инновациялық «Оңтайлы модуль-ықшам завод» жайлы. Бұл қондырғы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салу мен қалпына келтірүді тездетуге және жеңілдетуге арналған. Аталған модуль - тез әрі жеңіл жинақталады және кез-келген жерге орнатуға болады. Осылай құрылыс алаңына қойылған «Модуль-ықшам завод» тез арада көптеген құрылыс материалдарының түрлерін шығарып, олардан тұрғын үйлер құрастыруға мүмкіндік береді. Маңыздысы, аталған үйлердің бағасы орташа нарықтық бағадан 20 пайыз төмен және аумағы 80 шаршы метр уйді бір жұмыс ауысымында бітірүге болады.
Сонымен қатар, ұсынылып отырған «Модуль- ықшам заводтың» тиімділігі –оның арзандығы және құрылысты жылдамдатуымен де анықталады. Оған қосымша, құрылыс материалдарын шығару құрылыс аланыңда жүзеге асырылуына байланыста логистикалық шығындар да үнемделеді.
Аталған кішіжоба «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» атты грандық бағдарлама шеңбінде Қазқстан-Британ техникалық университет пен «Идеал-Систем» өндірістік компания бірлесүімен жүзеге асырылып отыр.
Аталған жобаның авторлары түркістан облысына барып, қолдан келген көмектерін көрсетуге дайын, тұрғын үйлерді тұрғызу жұмыстарына атсалысуға дайын.