- Жарияланған: 19 қараша 2019 /
Нұр-Сұлтан қаласында "Инновацияны ынталандыру: ғылым мен бизнестің ұштасуы» конференциясы өтті. Бұл іс-шара Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыру үшін маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Конференцияны "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференцияда қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықтың нәтижелері таныстырылды.
"Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы қазақстандық ғалымдар мен олардың әзірлемелерін қолдау құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан отандық ғылымды жаңа деңгейге шығару мақсатын қойды. Міндеттердің бірі - ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылын нығайту. Өнімді инновациялар экономика мен қоғамның барлық салаларын қамтитын және тиімді байланыстыратын дамудың негізгі факторы болып есептелінеді. Біздің жобаның негізгі мақсаты - жоғары сапалы, ел үшін өзекті технологияларды коммерцияландыру әлеуеті бар зерттеулерді жүргізуді ынталандыру, сондай-ақ әлемдік білім мен тәжірибені тиімді пайдалану болып табылады", - деп атап өтті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобының директоры Мұрат Сартбаев.
Конференция аясында "Табысты жобалар" питчинг-сессиясы өтті, оның барысында қазақстандық ғалымдар мен озық ғылыми шешімдерді әзірлеушілер өз жобаларын коммерцияландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Жобаның операциялық қызметі мәселелері бойынша пікірталас алаңында ғылым мен бизнестің тығыз серіктестігінің өзекті мәселелері, сондай-ақ қазақстандық ғылыми жетістіктерді дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау мәселелері талқыланды.
Сондай–ақ, іс-шара аясында "Өнімді инновацияларды ынталандыру - табысты жобалар" көрмесі өтті. Грант алушылар өздерін таныстырып қана қоймай, конференция алаңын коворкинг аймағы ретінде пайдалана алды. Әріптестермен коллаборация және ынтымақтастық перспективалары талқыланды.