Хабарландырулар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру барысында Халықаралық ғылым және

Көбірек ...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру барысында Халықаралық ғылым және коммерцияланыдру бойынша кеңес (ХҒКК) мүшелерін іріктеп алу туралы конкурс жариялалайды. ХҒКК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы тәуелсіз консультациялық орган ретінде Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес құрылады. Конкурсқа Қазақстан үшін стратегиялық мағынасы бар ғылыми білім салаларындағы ғалымдар, сондай-ақ коммерцияландыру саласында тәжірибесі бар сарапшылар қатыса алады. 
Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер «ISCB experts’ profile» нысаны бойынша қабылданады. Өтініштер 2016 жылғы 20 маусымнан 4 шілденің 18 сағат 00 минутке (Астаны уақытымен) дейін электронды нысанда міндетті түрде ағылшын тілінде (негізгі дана, Халықаралық Банке жіберіледі), қазақша және/немесе орыс тілдерінде Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасына қабылданады.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер

Көбірек ...

Көңіл аударыңыз!

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі 2016 жылдың 15 тамызы Астана уақытымен 18.00-ге дейін ұзартылды.

Жүктеп алу: АЛДЫН АЛА ҰСЫНЫС (үлгі)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және Кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грантттар бағдарламасы бойынша ғылыми- зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурс жариялайды. АҒҚТ және КҒҚТ үшін гранттар өнеркәсіптік ғылыми – зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындай отырып, өндіріске енгізуге және/немесе нарыққа шығаруға және одан әрі коммерцияландыруға мүдделілік танытқан қазақстандық жетекші ғалымдарға, дарынды жас зерттеушілерге және іскерлерге беріледі. Коммерцияландыруға арналған гранттарды іске асыру мерзімі жоба басталған мерзімнен бастап 3 жылдан аспауы тиіс.

Конкурсқа келешегі бар технологиялар және үлкен коммерциялық әлеуетке ие ғылыми-техникалық зерттеулері бар ғалымдар тобы мен заңды тұлғалар қатыса алады. Топтың штатындағы қызметкерлер саны 7 адамнан аспауы қажет, кіші жоба басшысын қоса алғанда оның құрамының 50%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

Іріктеу екі сатыда Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңеспен жүзеге асырылады. Басымдылық коммерциялық әлеуетіне және технологияның нарыққа шығу дайындылығына, сондай-ақ жеке меншік әріптесінің және/немесе технологияға тапсырыс берушісінің болуына беріледі.

Әр топтың қаржыландыру көлемі атқарылатын жұмыстарының көлеміне, ғылыми саланың және зерттеу жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады. Қаржыландырудың көлемі АҒҚТ үшін 230 млн. теңгеден, КҒҚТ үшін 180 млн. теңгеден аспауы тиіс. Жобаның соңғы нәтижесі жобаны іске асыру 3-ші жылдың соңына қарай компанияны өзін-өзі қамтамасыз етуі (сатылымға шығаруға) және/немесе жеке меншік секторынан инвестициялармен қамтамасыз етуі және/немесе лицензиялық келісімдерді жасасу арқылы технологияларды сату болып табылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер 2016 жылғы 25 шілдеден бастап ағылшын (жобаларға сараптама жасау ағылшын тілінде жүргізіледі), қазақ және/немесе орыс тілдерінде электронды түрде portal.fpip.kz интернет порталы арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2016 жылғы 15 тамызы Астана уақытымен 18.00-де аяқталады. Конкурстың шарттары және талаптарымен portal.fpip.kz сайтының АҒҚТ және КҒҚТ үшін грантттар бөлімінде танысуға болады. АҒҚТ және КҒҚТ үшін грантттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен және grantsЦя електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық мекен-жайына хат жазу арқылы алуға болады.

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: