Хабарландырулар

07 тамыз 2018

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаның мақсаты кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, сондай-ақ ортақ зерттеулерді жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу саласындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетін дамытуда жетекші әлемдік білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдардың әлеуетін пайдалану болып табылады.

Бұл гранттық бағдарлама бойынша жобаларды жүзеге асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс.

Гранттың максималды мөлшері 17 млн. теңгені құрайды.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2018 жыл 07 тамыздан  07 қыркүйек аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін жүргізіледі.

Үміткерлер «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарламасының нұсқаулығында көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе +7 7172 27 71 21 телефоны арқылы конкурстың координаторынан (Бектенов Данияр) ала аласыз.

"Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар" нұсқамасын жүктеу

01 тамыз 2018

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 6 тамызы Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.

Өтінімдерді толтыру мерзімінің ұзаруы ҚР БҒМ ҒК бекіткен мерзім ішінде Порталда тіркелген өтінім берушілерге ғана қатыса алады.

Қосымша өтінімдер қабылданбайды.

Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11 телефондары арқылы ала аласыз.

31 шілде 2018

Құрметті өтінім берушілер,

Қазір «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда. Толық ақпарат Жобаның сайтында жарияланатын болады.

Гранттық бағдарламаның координаторларымен байланыс:

электрондық пошта: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

телефон: +7-7172-23-90-35, +7-708-984-27-11.

26 шілде 2018

Инклюзивті инновациялар консорциумдары гранттық бағдарламасы бойынша жаднама

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті іске асырып жатқан "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Инклюзивті инновациялар консорциумдары гранттық бағдарламасы жоспарланған.

Бағдарлама Қазақстанда әлеуметтік және инклюзивті инновацияларды ілгерілету және дамыту мақсатында гранттар беру арқылы ғылыми ұйымдар және бизнес арасындағы инклюзивті консорциумдарды құруға бағытталған.

1.1 Гранттық бағдарламаның мақсаттары

Инклюзивті инновациялар – қала және ауыл халқының, халықтың әлеуметтік осал және қамтылмаған топтарының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін мүмкіндіктер жасайтын, сапалы тауарлар, жұмыс және қызметтерге ұзақ мерзімді және тұрақты негізде елеулі ауқымда қол жетімділікті қамтамасыз ететін кез-келген инновациялар.

Инклюзивті инновациялар бағдарламасының мақсаты қоғамдастықтарға маңызды әлеуметтік (және әлеуетті экологиялық) ықпал ететін инновациялық жобаларды құру және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру болып табылады. Атап айтқанда, Бағдарлама аясында мынадай ұйымдарға көмек көрсетілетін болады:

- ағымдағы және болжанған табыстар (мысалы, сатудан түскен) немесе тұрақты қаржыландыру көздері негізінде тұрақты тұрақты түрде өсе алатын, нәтижесінде масштабын үлкеюі туралы нақты түсінік беретін. Мекеменің өсуін қамтамасыз ету, сәйкесінше, әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында табыс бағдарламаның мерзімі бойы мекемеге толығымен немесе ішінара қайта инвестицияланады.

- адамдардың өмірінде, атап айтқанда, толыққанды өмір сүру үшін табысы және мүмкіндіктері аз адамдар болып саналатын халықтың осал топтарының өімірінде тікелей және сандық өлшенетін өзгерістерді қамтамасыз ететін. Бұл негізгі нарықтармен жақсы жөнге қойылған байланыстары жоқ өндірушілер және жеткізушілерден (мысалы, мамандандыру деңгейі төмен шағын ауыл шаруашылық өндірушілері) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу арқылы немесе халықтың осал топтарын және (ресми) еңбек нарығына қол жеткізуі қиын адамдарды жұмыспен қамту арқылы жеткіліксіз дәрежеде қамтылған (кедей, шалғай аудандарда тұратындықтан және жетілген қоғамның бөлігі бола алмайтындықтан) тұтынушыларға негізгі тауарлар, жұмыстар және қызметтерді көрсету арқылы жасалады.

- құрамында бәсекелестік артықшылықтарын ынталандыруға әкелетіндей жоғарыдағы екі аспектіні біріктіретін. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бизнес үшін маңызды емес төмен лауазымдарға қабылдау Бағдарламаның талаптарына сай келмейді.

Бағдарламаның негізгі қағидасы осы үш аспектіні үйлестіре білетін ұйымдардың экономикалық даму және әлеуметтік бірігу/тұрақтылықтың маңызды қатысушыларына айналуына тіреледі. Әдетте, олар ескі мәселені шешудің жаңа әдісін ойлап табады және тәуекелді және инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып бизнесті жаңаша жүргізе бастайды. Мұндай ұйымдардың табысы технологиялар және инновациялармен бекітілуі тиіс. Табыс жеткен жағдайда мұндай ұйымдар адамдардың өмірін айтарлықтай жақсарта алады - кейде ауыл ауқымында, ал кейде жүздеген мың адамдардың, ел аумағында және одан тысқары ауқымда.

Осыған байланысты бағдарлама технологиялар, инновациялар және ғылым көмегімен қазақстандық қоғам үшін көбірек, жақсырақ және жаңа нәрсе жасауға талпыныс жасауы үшін кәсіпкерлер және бизнесмендерді ынталандыруға ғылым және бизнесті біріктіруге бағытталған.

1.2 Басым бағыттар

  • Білім беру
  • Денсаулық сақтау
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Жаңартылатын энергия көздері
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ресурстарды ұтымды пайдалану
  • Халықтың осал және қамтылмаған топтарының өмірін және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған өзге де бағыттар

Инклюзивті инновациялардың үлгілік бағыттары:

- білім беру саласындағы инновациялық шешімдер;

-  мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды күнделікті тыныс-тіршілікке қосу үшін бизнес-процесстердің инновациялық тәсілдері;

- жекелеген ауылдық аудандар үшін арзан және қол жетімді энергия үнемдейтін технологияларды енгізу;

- ауыл халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін  қол жетімді және арзан технологияларды енгізу;

- ауыл мен қала тұрғындарын қашықтан диагностикалау және телемедицина саласындағы инновациялық арзан шешеімдерді енгізу;

- азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық шешімдер;

- қауіпсіздік және денсаулық сақтау  саласындағы инновациялық шешімдер.

Келтірілген мысалдар ИИК әлеуетті қатысушыларын шектемейді, өйткені инклюзивті инновациялық шешімдердің мағынасы және қолданылуы анағұрлым кеңірек болуы мүмкін. Іске асырылып жатқан консорциум инклюзивті инновацияларды дамыту бойынша басым бағыттардың тізіміне сәйкес болуы, бірақ онымен шектелмейуі қажет.

1.3 Консорциумның қатысушылары

Консорциумның міндетті қатысушылары болуы тиіс:

  1. Негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болатын коммерциялық ұйымдар немесе коммерциялық емес ұйымдар (кәсіпкерлік қызмет ету құқығымен).
  2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымдар.

1.4 Іске асыру мерзімі

Жобаның жүзеге асырудың максималды мерзімі - 24 ай.

1.5 Нәтижелері

Жоба аяқталған соң, консорциум мекеменің тұрақты дамуын және өсуін қамтамасыз ететін қажетті коммерцияландыру деңгейіне, сондай-ақ іске асырып жатқан жоба аясында елеулі әлеуметтік ықпалға жетуі тиіс.

Инклюзивті инновациялар консорциумдарына арналған гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты Жобаның сайтындаwww.fpip.kz, электрондық пошта арқылы Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. немесе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11 телефондары арқылы ала аласыз.


*Бұл жаднама тек ақпарат үшін әзірленген және ресми құжат болып табылмайды. Гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулық Инклюзивті инновациялар консорциумдарына арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурс ресми түрде жарияланған соң Жоба сайтында берілетін болады.

10 шілде 2018

Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен өндірістегі ғылыми әзірлемелерді енгізу саласында индустриалды-инновациялық әлеуетін арттыру үшін әлемдік жетекші білім беру, ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдардың әлеуетін пайдалану болып табылады.

Гранттық бағдарламаның міндеттері:

  • ғылымды, өндірісті дамытуды қамтамасыз ететін жоғары білім техникалық мамандықтары бойынша іргелі дайындықты дамытуға жәрдемдесу (ҚР өнеркәсіптік кәсіпорындарының конструкторлары мен дизайнерлерін дайындау);
  • отандық зерттеулердің экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағытталуы;
  • өндірісте ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық бөлімдер құру арқылы зерттеулер мен инновацияларды ынталандыру үшін жағдай жасау;
  • Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары, академиялық институттарының жетекші шетелдік ұйымдармен және университеттермен серіктестігін дамыту және одан әрі қолдау.

Гранттар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия анықтаған және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жарлығында аталған ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарында Қазақстанның болашағына қатысты стратегиялық мәселелерге бағытталған кіші жобаларға  (әкімшілік критерийлерге сай келмейтін зерттеулерді қоспағанда) берілетін болады:

  • Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен құрылымдар;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Өмір туралы ғылым және денсаулық;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс;
  • Сандық сервистер, 3D-принтинг, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, нанотехнология және big data ("үлкен деректер").

Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарламаның әрбір өтінімі:

  • нарыққа бағдарланған және ғылыми тұрғыдан бәсекеге қабілетті болуы;
  • Қазақстан Республикасының қазіргі және болашақтағы ғылыми, экономикалық және индустриалдық дамуына, оның ішінде жергілікті немесе шетелдік коммерциялық компаниялармен ғылыми-зерттеу бағытындағы серіктестіктер құру мүмкіндігіне қатысты болуы;
  • мультидисциплинарлық зерттеулер жүргізуде әлеуеті мен қызығушылығы бар болуы;
  • университеттерде, орта мектептерде және жұртшылық арасында ақпараттындыру жұмысы бойынша ұсыныстарды қамтуы;
  • ЖІН, Сатып алулар жөнінде нұсқаулық және ТҚІНЖ-де көрсетілген қағидалар және рәсімдерге сәйкес іріктелуі, бағалануы және іске асырылуы тиіс.

А грант түрі бойынша мақсатты топ - бұл мемлекетте және шетелде докторантура (PhD) бағдарламасында оқитын немесе жақында оқуын аяқтаған зерттеушілерге арналған ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Ұсыныстар келесі белгіленген әкімшілік критерийлер бойынша қарастырылады:

Үміткер төмендегі критерийлердің біріне сәйкес келуі тиіс:

- техникалық мамандық бойынша докторантура (PhD) бағдарламасының бірінші жылын аяқтаған докторанттар (өтінім беру кезінде);

- техникалық ғылымдар және технологиялар мамандығы бойынша PhD дәрежесін алған  (өтінім беру кезінде).

А грант түрі бойынша бағдарламаға қатысу үшін өтінім беруші:

- үміткер шетелдегі қабылдаушы ұйымда (немесе жергілікті қабылдаушы ұйымда, егер үміткер Қазақстаннан тыс шетелде оқитын немесе жұмыс істейтін болса) жұмыс жасайтын ҒЗТКЖ болуы тиіс;

- ұсынылған зерттеу және/немесе технологияның әлеуетін және оның дайындығын, сондай-ақ қабылдаушы ұйымда қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігін сипаттайтын қолдау хатын ұсынуы тиіс (еркін түрде);

  • - жергілікті өндірістік ұйымнан зерттеу жобасына деген қызығушылығы және/немесе үміткерді оқыту туралы хатты ұсынуы тиіс (хатта ұсынылған зерттеу және/немесе технологияның нақты көлемін және жылына талап етілетін ақшалай соманы көрсету қажет);
  • кіші жобаның тақырыбы осы Нұсқаманың 2-бөліміне сәйкес басым бағыттарға сәйкес келуі тиіс;
  • - жөнелтуші ұйымнан және/немесе жергілікті өндірістік ұйымнан және/немесе жеке тұлғадан кіші жобаның жалпы сомасының кемінде 20%-ын қоса қаржыландыруының болуы (кепілдік хатының болуы);
  • - қабылдаушы ұйым озық орталық болуы тиіс (Озық орталықтар болып табылады: ЖОО үшін QS World University Rankings by Subject рейтингінде салалар бойынша 2018 жылы 100-орыннан төмен емес - https://www.topuniversities.com/subject-rankings/2018; ҒЗИ үшін Ranking WEB of research centers рейтингінде 500-орыннан төмен емес (http://research.webometrics.info/en/world);
  • МҒТСҰО-дан ҒЗЖ-да плагиаттың жоқтығы туралы анықтама ұсыну;
  • нақты шақыруды растайтын құжаттардың көшірмелерін (қаржылық жағдайларды қоспағанда) немесе жоспарланған зерттеудің мерзімі, құны (есептеулерді жазып көрсету) көрсетілген қабылдаушы шетелдік ұйымнан (егер үміткер жергілікті ұйымда оқитын немесе жұмыс істейтін болса) және жергілікті қабылдаушы ұйымнан (егер үміткер шетелдік ұйымда оқитын немесе жұмыс істейтін болса) келісімшартты ұсынуы тиіс. Қабылдайтын топтың және/немесе жетекшінің біліктілігі үміткердің кіші жобасының саласына сәйкес келуі тиіс;
  • осы Нұсқамада аталған тілдерде (мемлекеттік және/немесе орынс және ағылшын тілдерінде) өтінімнің болуы.

Келесі өтінімдер қабылданбайды:

  • темекі, алкоголь өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, құмар ойындар мен қосарлы мақсаттағы тауарларды өндіруге және/немесе сатуға қатысты өтінімдер;
  • мәжбүрлеп қоныс аударуға қатысты өтінімдер;
  • ТҚІНЖ-ге сәйкес "А санатына" жататын өтінімдер. Алдын ала экологиялық бағалауды жүргізу нысаны Өтінімнің бөлігі болып табылады, және мәндетті түрде толтырылуы тиіс;
  • қызмет аясы ТҚІНЖ-де аталған Дүниежүзілік банк қаржылындырмайтын бағыттар тізімінде көрсетілген өтінімдер;

А грант түрі - бұл ҒКХК мүшелері іріктеген Өтінім берушіге берілетін жеке үміткерлерге арналған стипендиялық бағдарлама. 

Грант қаражатынан қаржыландырылмайды:

  • жеке стипендия үміткердің зерттеу жүргізу үшін баруға жоспарлап отырған елдегі барлық тұрмыстық шығындарды қамтиды;
  • көлік шығындары, оның ішінде визалық шығындар және міндетті сақтандыру;
  • жанұялық жәрдемақы, егер зерттеушімен бірге асырауындағы отбасы мүшелері баратын болса (тек жұбайы және кәмелетке толмаған балалар үшін);
  • патентке және жарияланымға байланысты шығындар (өтінім беру, патент алу, кіші жобаның тақырыбына қатысты патенттік өтінімдерді төлеуге рұқсат етіледі және Web of Science және/немесе Scopus халықаралық ақпараттық ресурстарына кіретін рейтингтік басылымда импакт-факторы кемінде 0,2 болып табылатын рецензияланатын журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялауға арналған шығындар).

Қаражат жетіспеген жағдайда, бұл санаттарды қоса қаржыландыру есебінен қаржыландыруға болады.

Қоса қаржыландыру есебінен қаржыландырылады:

  • қабылдаушы ұйымға берілетін ақыны төлеу, шығын материалдары, жабдықты жалға алу, кіші жобаны іске асыру барысында туындайтын барлық салықтар мен алымдар және кіші жобаны іске асыруға байланысты басқа үстеме шығыстар;

Кіші жобаны іске асыру нәтижесінде, төмендегі міндетті көрсеткіштер орындалуы тиіс:

  • орындалған эксперимент немесе сынақ (сынақ актісі қоса берілуі тиіс);
  • тіркеу нөмірін бере отырып РСТ (Patent Cooperation Treaty) процедурасы бойынша өнертабысқа халықаралық өтінімді беру, немесе РСТ (Patent Cooperation Treaty) процедурасы бойынша патент алу;
  • Web of Science және/немесе Scopus халықаралық ақпараттық қорларына кіретін импакт-факторы кемінде 0,2 болып табылатын рейтингтік басылымда ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау және/немесе жариялауға ұсыну;
  • әзірленген бағдарламалық жасақтама (кіші жоба ақпараттық технологиялар саласында болса);
  • әзірленген бизнес-жоспар және/немесе кіші жобаның коммерцияландыру стратегиясы.

Кіші жобаның максималды ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспауы тиіс.

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: