Хабарландырулар
25 Желтоқсан 2018
Пресс-анонс
Өткізу орны: Hotel Ibis Astana Тәуелсіздік даңғылы, 38, "Прага" залы
Өткізу уақыты: 11:00
Ертең, 26 желтоқсанда сағат 11:00-де Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің бірлескен"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын жүзеге асыру бойынша жылды қорытындылауға арналған баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына жобаны басқару тобының директоры Мұрат Сартбаев пен ЖБТ директорының орынбасары, 1 компоненттің аға менеджері Оспанов Ильяс, 2 компоненттің аға менеджері Сейтказин Дархан, 3 компоненттің менеджері Мамбетов Қарасай қатысады.
"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы арасындағы Келісім шеңберінде іске асырылады, Жобаны іске асыру мерзімі - 2016 жылдан 2020 жылға дейін.
Жобаның негізгі мақсаты - жоғары сапалы, еліміз үшін өзекті зерттеулерді қолдау, сондай-ақ еліміздің инновациялық әлеуетін арттыруға көмектесетін коммерцияландыру циклін шоғырландыру үшін әлемдік білім мен тәжірибені тиімді пайдалану.
Жоба бес компоненттен тұрады. Аға және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына арналған гранттық бағдарламаның екі айналымының қорытындысы бойынша (2016-2017 жылдар) 40 кіші жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 17 жоба 200 миллион теңгеден астам табысқа қол жеткізді.
25 Желтоқсан 2018
Хабарландыру
Құрметті өтінім берушілер,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаның мақсаты кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, сондай-ақ ортақ зерттеулерді жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу саласындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетін дамытуда жетекші әлемдік білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдардың әлеуетін пайдалану болып табылады.
Гранттық бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс. Гранттың максималды мөлшері 17 млн. теңгені құрайды. Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 15 қаңтардан 01 сәуір аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін жүргізіледі.
Конкурстың шарттары және талаптарымен «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарлама бойынша нұсқамадан толық таныса аласыздар, нұсқаманы www.fpip.kz сайтында «PhD» бөлімінде жүктеуге болады.
Үміткерлер «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарламасының нұсқамасында көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды және қарастырылмайтын болады. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.
«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе +7-7172-27-71-21 телефоны арқылы конкурстың координаторынан (Бектенов Данияр) ала аласыз.
14 Желтоқсан 2018
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде "Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 14 желтоқсан Астана уақытымен сағат 00.00-ге дейін ұзартылады.
Өтінімді бекітілген уақыт ішінде жіберген Өтінім беруші ретінде Сізге өтінімді қайта жіберу қажет. Сонымен қатар, сізде өтініміңізді реттеуге, тексеруге және толықтыруға мүмкіндік бар.
11 Желтоқсан 2018
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде "Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 14 желтоқсан Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң, «Жіберу» функциясы автоматты түрде өшіріледі.
Форс-мажорлық жағдайларды болдырмау үшін, өтінімдерді тапсыруды соңғы күнге қалдырмауыңызды сұраймыз.
Өтінімді бекітілген уақыт ішінде жіберген Өтінім беруші ретінде Сізге өтінімді қайта жіберу қажет. Сонымен қатар, сізде өтініміңізді реттеуге, тексеруге және толықтыруға мүмкіндік бар.
22 қараша 2018
2018 жылдың 27 қарашасында Петропавл қаласында «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша жарияланған конкурс шеңберінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазахстан мемлекеттік университеті базасында семинар өтеді.
Семинар уақыты мен мекенжайы: сағ.11:30, Пушкин к, 86, СҚМУ, корпус 1, ауд.115