Хабарландырулар

14 мамыр 2020

Құрметті мүшелер мен достар!

«Жетілдірілген технологиялар және инженерия»  жарысын  (A-TEC) Шэньчжэнь муниципалды үкіметі өткізіп, Шэньчжэньдегі Цинхуа университетінің ғылыми-зерттеу институты, Leaguer  тобы және  Шэньчжэнь өнеркәсіп федерациясы және басқа бөлімдермен бірлесе отырып  ұйымдастырылады.

Алдыңғы қатарлы халықаралық  деңгейдегі  A-TEC конкурсы озық  технологияларды тауып, сонымен қатар бүкіл әлемде   оларды дамытып, өсіріп, басшылық етуге ұмтылады.  Жарыс Инновациялық Бәсекелестік пен Чемпионат, кез келген елдің кез келген командасы мен компаниялары үшін ашық нысандар мен роуд-шоулардағы жарыстар түрінде іріктіледі.

Аталған шара екі жылда бір рет өткізілетін байқау, жоғары сапалы әлемдік ғылыми-техникалық инновациялық ресурстарды жинауға және алдыңғы қатарлы технологиялар мен технологиялық жетістіктер саласындағы жетістіктер мен нәтижелерді қолдануға және дамытуға трансформациялауға, сондай-ақ инновациялық жаһандық ғылыми-техникалық бәсекеге айналдыруға бағытталған. Алғашқы A-TEC 2019 жылдың қыркүйегінен бастап іске қосылды.

Бұл ақпарат бәсекелестікті ілгерілету үшін таратылады және кез-келген лайықты жоба немесе команда жарысқа белсенді тіркелуге шақырылады.

youtubeIntroduction of A-TEC-2020

Толығырақ

13 қараша 2019 жыл

«Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің ұштасуы» атты конференциясының ұйымдастырылып жатқанын хабарлаймыз.

Аталған шара қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудағы табысты тәжірибелерімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықты көрсету мақсатымен жүзеге асырылып отыр.

Іс-шара барысында табысты қазақстандық ғалымдардан, алдыңғы қатарлы ғылыми шешімдерді әзірлеушілерден жобаларды коммерцияландыру бойынша питчинг сессия, сондай-ақ, ғылым мен бизнестің ұштасуының өзекті мәселелерін талқылау, қазақстандық ғылыми жетістіктердің дамуындағы маңызды факторлардың бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау сияқты өзекті мәселелер талқыға салынады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, ғылымды коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес, квазимемлекеттік сектор, жеке бизнес, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

29 наурыз 2019

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 2 мамырға Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.

Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты http://www.fpip.kz сайтында, Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе + 7-7172-27-71-21 телефоны арқылы ала аласыз.

10 шілде 2019 жыл

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде "Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар. А грант түрі" гранттық бағдарламасы  аясындағы  конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.

Гранттық бағдарлама бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі:

Өтінім №

Экологиялық санат

1

APP-PHD-A-19/005P

В-

2

APP-PHD-A-19/015P

С

3

APP-PHD-A-19/013P

В-

4

APP-PHD-A-19/008P

В-

5

APP-PHD-A-19/006P

В-

6

APP-PHD-A-19/004P

В-

7

APP-PHD-A-19/011P

В-

8

APP-PHD-A-19/007P

В-

Грант туралы келісім жасасу үшін 2019 жылдың 22 шілдеге дейін төмендегі құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз:

а) өтінім берушінің құқықтық құжаттары (қолы қойылмаса жарғының5, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, егер Грантқа туралы келісімге бірінші төрағадан басқа тұлға қол қоятын болса, бұйрық немесе қол қою құқығына сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

ә) грант алушының шоттарының бар екендігі және оның қоса қаржыландыру қаражатының есеп айырысу шотында Өтінімде көрсетілген көлемдегі қаражаттың бар екендігі туралы банктің анықтамасы. Егер өтінімде мерзім көрсетілмеген болса, қоса қаржыландыру қаражатын Грант туралы келісімге қол қоюдан бұрын жіберу қажет. Егер серіктес қаражатты транштармен беретін болса, нақты мерзімдер көрсетілген Инвестициялау шартын беру қажет.

б) Кандидаттың жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі.

в) Кандидаттың білім туралы дипломының нотариалды расталған көшірмесі және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары.

г) Үміткердің туу туралы және некесі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (қажет болған жағдайда).

д) тағылымдаманың барлық жағдайларын ескерілген Өтінім беруші мен үміткер арасындағы келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

е) жұмыс орнынан немесе оқу орнынан анықтама және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары.

04 наурыз 2019

«Инклюзивті инновациялар консорциумы» гранттық бағдарламасы жеңімпаздарының тізімі және олардың экологилық санаттары:

Өтінім № *

Байланыс үшін тұлға

Экологиялық санат

1

APP-IIC-18/023P*

Сахнов Сергей Владимирович

В-

2

APP-IIC-18/027P

Абдикенов Бейбит Болатгазыевич

С

3

APP-IIC-18/043P

Головко Олег Викторович

С

4

APP-IIC-18/045P

Кушимов Нурхат Манасович

С

5

APP-IIC-18/055P*

Баубеков Сабит Джумабаевич

В-

6

APP-IIC-18/061P*

Жайлаубек Асхат Муканулы

В-

7

APP-IIC-18/068P

Дахымбаева Жулдыз Исламгалиевна

С

8

APP-IIC-18/069P

Каратай Жанат Каиркенкызы

С

9

APP-IIC-18/091P

Есельбаев Жаксылык Ермекович

С

*Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау жөнінде барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 27 71 27 телефоны арқылы Жобаны басқару тобына хабарласа аласыз.

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: