Хабарландырулар

  ӨСК II гранттық бағдарламасының хабарландыруы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған мынадай гранттық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлауда:

20 тамыз 2020 жыл

«Өндірістік сектор консорциумдары II»

Гранттық бағдарламаның мақсаты экономикадағы өндірістік секторларды жақсарту мақсатында ҒЗИ, университеттер, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми және инженерлік бейіндегі зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Толығырақ...

 Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттық бағдарламасының хабарландыруы 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған мынадай гранттық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлауда:

20 тамыз 2020 жыл

«Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар»

Гранттық бағдарламаның мақсаты - отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды ынталандыру.

Толығырақ...

  

Гранттық бағдарламалардың анонстары

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған мынадай гранттық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлауда:

  1. «Өндірістік сектор консорциумдары І: Құзыреттілік орталықтары»

Гранттық бағдарламаның мақсаты экономикадағы өндірістік секторларды жақсарту мақсатында ҒЗИ, университеттер, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми және инженерлік бейіндегі зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Басым бағыттар:

  • Табиғи, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және құрылымдар;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ауыл шаруашылығы мен қауіпсіздігін тұрақты дамыту;
  • Өмір туралы ғылым және денсаулық сақтау;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық таңбасынсыз);

Аяқталу кезеңіндегі міндетті нәтижелер:

  • Консорциумдар санын ұлғайту (кем дегенде 3)
  • ОДК мүшелерінің қызмет саласына сәйкес келетін салада халықаралық салалық аккредитация алу және ғылыми, зертханалық зерттеулер, ҒҒТҚН және/немесе ҒЗТКЖ-н халықаралық ғылыми және өндірістік қауымдастық мойындайтын орталық болу;
  • Ұзақ мерзімді келісімшарттық зерттеулер не сату және/немесе технологияларды лиценизациялау не Орталықтың қаржылық тұрақтылығы мен тәуелсіздігіне ықпал ететін коммерцияландырудың өзге де нысандары туралы шарттар жасасу арқылы грант аяқталғаннан кейін Орталықты қаржыландыруды жалғастыратын орталық пен кәсіпорындар арасында алдағы 5 жылға тұрақты, ұйымдасқан ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
  • PCT процедурасы бойынша кем дегенде екі (2) патенттік өтінім және кем дегенде бір (1) халықаралық бірлескен өнертабысқа өтінім беру.

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 650 000 000 (алты жүз елу миллион) теңгені құрайды.

 

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратпен "Өндірістік сектор консорциумдары І" гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша электронды пошта арқылы хабарласа аласыз Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. және +77771498036.

"Өндірістік сектор консорциумдары І" нұсқамасын жүктеу

"Өндірістік сектор консорциумдары І" өтінім нысаны

 

  1. «Өндірістік сектор консорциумдары II»

Гранттық бағдарламаның мақсаты экономикадағы өндірістік секторларды жақсарту мақсатында ҒЗИ, университеттер, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми және инженерлік бейіндегі зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Басым бағыттар:

  • Табиғи, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және құрылымдар;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ауыл шаруашылығы мен қауіпсіздігін тұрақты дамыту;
  • Өмір туралы ғылым және денсаулық сақтау;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық таңбасынсыз);

Аяқталу кезеңіндегі міндетті нәтижелер:

  • Коммерцияландыру көлемі дайын өнімді сату немесе/және лицензиялық шарт және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне құқықтарды басқаға беру шартын жасасу немесе/және іске асырылатын жобаға инвестициялар тарту арқылы немесе/және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы алынған грант сомасының кемінде 20%-ын құрауы тиіс.
  • ӨСК ІІ А грант түрі үшін кәсіпорынды автоматтандыру/цифрландыру стратегиясын ендіру.
  • ӨСК ІІ В грант түрі үшін кәсіпорынды автоматтандыру/цифрландыру стратегиясын әзірлеу.
  • Кәсіпорынның бірінші басшысын қоса алғанда кемінде 5 маманды Индустрия 4.0 негіздеріне оқытуды жүргізу.

 

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 650 000 000 (алты жүз елу миллион) теңгені құрайды (ӨСК ІІ А гранттары үшін).

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңгені құрайды (ӨСК ІІ В гранттары үшін).

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратпен "Өндірістік сектор консорциумдары IІ" гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша электронды пошта арқылы хабарласа аласыз Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. және +77771498036.

"Өндірістік сектор консорциумдары ІI" нұсқамасын жүктеу

"Өндірістік сектор консорциумдары ІI" өтінім нысаны

  

  1. «Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар»

Гранттық бағдарламаның мақсаты - отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды ынталандыру.

Басым бағыттар:

  • Табиғи, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және құрылымдар;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ауыл шаруашылығы мен қауіпсіздігін тұрақты дамыту;
  • Өмір туралы ғылым және денсаулық сақтау;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық таңбасынсыз);

Аяқталу кезеңіндегі міндетті нәтижелер:

  • Коммерцияландыру көлемі дайын өнімді сату немесе/және лицензиялық шарт және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне құқықтарды басқаға беру шартын жасасу немесе/және іске асырылатын жобаға инвестициялар тарту арқылы немесе/және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы алынған грант сомасының кемінде 10%-ын құрауы тиіс.
  • Автоматтандыру стратегиясын ендіру/енгдіруге дайындық/кәсіпорынды цифрландыру.

 

Гранттың максималды сомасы 2022 жылғы қарашаға дейін іске асыру мерзіміне 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені құрайтын болады..

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратпен "Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар" гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша электронды пошта арқылы хабарласа аласыз Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. және +77771498036.

"Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар" нұсқамасын жүктеу

"Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар" өтінім нысаны

 

 

 

14 мамыр 2020

Құрметті мүшелер мен достар!

«Жетілдірілген технологиялар және инженерия»  жарысын  (A-TEC) Шэньчжэнь муниципалды үкіметі өткізіп, Шэньчжэньдегі Цинхуа университетінің ғылыми-зерттеу институты, Leaguer  тобы және  Шэньчжэнь өнеркәсіп федерациясы және басқа бөлімдермен бірлесе отырып  ұйымдастырылады.

Алдыңғы қатарлы халықаралық  деңгейдегі  A-TEC конкурсы озық  технологияларды тауып, сонымен қатар бүкіл әлемде   оларды дамытып, өсіріп, басшылық етуге ұмтылады.  Жарыс Инновациялық Бәсекелестік пен Чемпионат, кез келген елдің кез келген командасы мен компаниялары үшін ашық нысандар мен роуд-шоулардағы жарыстар түрінде іріктіледі.

Аталған шара екі жылда бір рет өткізілетін байқау, жоғары сапалы әлемдік ғылыми-техникалық инновациялық ресурстарды жинауға және алдыңғы қатарлы технологиялар мен технологиялық жетістіктер саласындағы жетістіктер мен нәтижелерді қолдануға және дамытуға трансформациялауға, сондай-ақ инновациялық жаһандық ғылыми-техникалық бәсекеге айналдыруға бағытталған. Алғашқы A-TEC 2019 жылдың қыркүйегінен бастап іске қосылды.

Бұл ақпарат бәсекелестікті ілгерілету үшін таратылады және кез-келген лайықты жоба немесе команда жарысқа белсенді тіркелуге шақырылады.

youtubeIntroduction of A-TEC-2020

Толығырақ

13 қараша 2019 жыл

«Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің ұштасуы» атты конференциясының ұйымдастырылып жатқанын хабарлаймыз.

Аталған шара қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудағы табысты тәжірибелерімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықты көрсету мақсатымен жүзеге асырылып отыр.

Іс-шара барысында табысты қазақстандық ғалымдардан, алдыңғы қатарлы ғылыми шешімдерді әзірлеушілерден жобаларды коммерцияландыру бойынша питчинг сессия, сондай-ақ, ғылым мен бизнестің ұштасуының өзекті мәселелерін талқылау, қазақстандық ғылыми жетістіктердің дамуындағы маңызды факторлардың бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау сияқты өзекті мәселелер талқыға салынады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, ғылымды коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес, квазимемлекеттік сектор, жеке бизнес, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: