Хабарландырулар
06 наурыз 2023 жыл
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзырет орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты - жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру («модельдік фабрика»), сондай-ақ саланы дамыту бойынша талдау және ұсынымдарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.
13 Қаңтар 2023
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Гранттық бағдарламаның негізгі мақсаты -консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және/немесе технологияларын коммерцияландыру.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Гранттық бағдарлама шеңберінде бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарты - кемінде екі (2) үлестес емес өндірістік кәсіпорын және кемінде бір (1) ғылыми ұйым қатысуы тиіс.
Грант сомасы:
Гранттың максималды сомасы 650 млн.теңгеге дейін (А гранты бойынша) және 250 млн. теңгеге дейін (В гранты бойынша), 18 айға дейін іске асыру мерзіміне беріледі.
Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 50 пайызын (А гранты бойынша) және грант сомасының кемінде 30 пайызын (В гранты бойынша) құрауға тиіс.
Іріктеу процесі:
Өтінімдерді қабылдау процесінің қорытындысы бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасынан бірнеше кезеңде өтетін болады.
Күтілетін нәтижелер:
Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруды алған консорциумдар алынған грант сомасының кемінде 20%-ы көлемінде коммерцияландыруды, кіші жобаны автоматтандыру/цифрландыру стратегиясын енгізуді және әзірлеуді (басқалармен қоса, виртуалды шындық, BIM-технологиялар, блокчейн, жасанды интеллект), персоналдың біліктілігін арттыруды (Индустрия негіздеріне оқыту 4.0.) қамтамасыз етуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 қаңтардан басталып, 2023 жылғы 10 наурызда Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады*.
Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан таныса аласыздар __ (link).
МАҢЫЗДЫ:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша Astanahub электрондық порталы арқылы қабылданады: https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs
Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.
Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.
Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.
Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз
*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.
ӨСК хабарландыру
22 Қараша 2022
Құрметті Өтінім берушілер,
«Өндірістік сектор консорциумдары І: Құзыреттілік орталықтары» бағдарламасы бойынша жеңімпаздардың тізімі.
№ |
Өтінім № |
Жоба жетекшісі |
1 |
36767 |
Токтаров Нурлан Зейнельевич |
2 |
37053 |
Азаматов Багдат Нурланович |
ӨСК 1 хабарландыру
7 Қараша 2022
Құрметті Өтінім берушілер,
Төменде комиссия алдында тыңдау кезеңіне өткен өтінімдердің тізімі берілген.
№ |
Өтінім № |
Жоба жетекшісі |
1 |
36223 |
Сагиев Гани Токтамысович |
2 |
38391 |
Казиев Баглан Нурланович |
3 |
36767 |
Токтаров Нурлан Зейнельевич |
4 |
37053 |
Азаматов Багдат Нурланович |
Отырыс 2022 жылғы 11 қарашада онлайн режимінде жоспарлануда. Сілтеме электрондық поштаға жіберіледі. Отырыс күні өзгерген жағдайда өтініш берушілерге қосымша хабарланатын болады.
Барлық сұрақтар бойынша Жобаны басқару тобына келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: +7 (777) 149 80 36
ӨСК 1 хабарландыру
1 Қараша 2022
Құрметті Өтінім берушілер,
Төменде жобалар бойынша Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес алдында презентацияларды қорғау кестесі берілген.
№ |
Өтінім № |
Уақыт |
Жоба жетекшісі |
Формат |
3 қараша 2022 жылы (сейсенбі) |
||||
1 |
36223 |
10.00 - 10.30 |
Сагиев Гани Токтамысович |
онлайн |
2 |
34434 |
10.30 - 11.00 |
Куралханов Дархан Кадылбекович |
онлайн |
3 |
31988 |
11.00 - 11.30 |
Наурызбаев Бауыржан Аманғазыұлы |
онлайн |
4 |
29598 |
11.30 - 12.00 |
Канкин Бауржан Токболатович |
онлайн |
5 |
38391 |
12.00 - 12.30 |
Казиев Баглан Нурланович |
онлайн |
6 |
33375 |
12.30 - 13.00 |
Таланов Владимир Сергеевич |
оффлайн |
7 |
36767 |
14.30 - 15.00 |
Токтаров Нурлан Зейнельевич |
оффлайн |
8 |
37053 |
15.00 - 15.30 |
Азаматов Багдат Нурланович |
оффлайн |
9 |
37086 |
15.30 - 16.00 |
Исаев Сырдан Адилханович |
оффлайн |
ӨСК 1 гранттық бағдарламасы бойынша презентацияларды қорғау 2022 жылғы 3 қарашада (бейсенбі) Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де өтеді.
Онлайн форматта тыңдауға қатысатын өтініш берушілер үшін қосылуға сілтеме өтініш берушінің электрондық поштасына жіберіледі.
Қалған өтініш берушілер үшін тұсаукесерлерді тыңдау Мәңгілік Ел, 3,5 Блок (ЭКСПО ғимараты), 310 кеңсе, 3-қабат мекенжайындағы ЖБТ кеңсесінде өтеді. Қатысушылардың деректерін ғимаратқа өткізу үшін төменде көрсетілген электрондық поштаға жіберуді сұраймыз (ТАӘ және ЖСН).
Презентацияларды қорғау төмендегі регламентте өтеді:
- презентацияны қорғау ағылшын тілінде өтеді;
- өтінім берушіге презентацияны қорғау үшін 10 минут, сұрақтар мен жауаптарға 10 минут беріледі;
- қорғауға аудармашыны қоса алғанда 4 адамнан артық рұқсат етілмейді. Топ жетекшісі мен негізгі мүшелерінің қатысуы МІНДЕТТІ;
- өтінім беруші ҒКХК мүшелері үшін презентациялық материалды 2 тілде ағылшын және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде дайындауы тиіс. Презентациялар PowerPoint бағдарламасында анимациясыз және басқа эффекттерсіз, .ppt немесе .pptx форматында дайындалуы керек;
- презентациялық материалды алдын ала Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасына 2022 жылғы 2 қараша 12.00 сағатқа дейін жіберу қажет;
Презентацияны дайындау кезінде электрондық поштаңызға жіберілген ҒКХК түсініктемелерін/пікірлерін ескеруді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Жобаны басқару тобына келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: +7 (777) 149 80 36.