Хабарландырулар
15 маусым 2018
Құрметті өтінім берушілер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар және өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдарды құру болып табылады.
Бұл гранттық бағдарлама бойынша жобаларды жүзеге асыру мерзімі үш (3) жылдан аспауы тиіс. Консорциум кем дегенде бір ғылыми ұйымнан (ЖОО, ҒЗИ және т.б.) және кем дегенде екі бизнес өкілінен құралуы тиіс. Гранттың максималды мөлшері 650 млн. теңгені құрайды.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер 2018 жылдың 20 маусымнан 31 шілде аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін Портал арқылы қабылданатын болады.
Конкурстың шарттары мен талаптарымен толығырақ «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасының нұсқаулығында таныса аласыз. Бұл нұсқаулықты www.fpip.kz сайтында «Инновациялық консорциумдар» бөлімінде жүктеуге болады.
Үміткерлер Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бғдарлама бойынша нұсқаулықта көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.
Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық поштасы немесе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11 телефондары арқылы конкурстың координаторларынан (Сейітқазин Дархан, Уалиева Армангүл) ала аласыз.
Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарламаның нұсқаулығы
26 желтоқсан 2017
Құрметті өтінім берушілер,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді жобаларды ынталандыру» жобасының шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасының «ӨСК І Жоспарлау гранты: Индустриялық-ғылыми ынтымақтастық орталығы» грант түрі бойынша конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.
№ |
Кіші жобаның нөмірі |
Кіші жобаның жетекшісі |
1 |
APP-PSCP-I-17/005P |
Абиков Суйеу |
2 |
APP-PSCP-I-17/014P |
Ан Евгений |
3 |
APP-PSCP-I-17/013P |
Каргин Джумат |
4 |
APP-PSCP-I-17/017P |
Абдрахманова Клара |
5 |
APP-PSCP-I-17/008P |
Саухимов Алмаз |
6 |
APP-PSCP-I-17/001P |
Шарман Алмаз |
7 |
APP-PSCP-I-17/015P |
Мынбаев Мурат |
8 |
APP-PSCP-I-17/009P |
Сеилов Шахмаран |
9 |
APP-PSCP-I-17/004P |
Дюсембекова Насипкуль |
14 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурстың жеңімпаздарын құттықтайды.
Грант туралы келісімді жасау үшін 2017 жылдың 20 желтоқсанына дейін келесі құжаттарды тапсыруларыңызды сұраймыз:
1) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтама;
2) Құрылтай құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) Келісімге қол қоятын негізгі грант алушының атына сенімхат;
4) Грант қаражатына арнайы жеке құрылған есептік шот туралы банктен анықтама (шот эскроу-шотпен байланыстырылуы қажет).
Қазақстан Республикасы университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурс жеңімпаздарының тізімі:
№ |
Жоғары оқу орындарының атауы |
1 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
2 |
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
3 |
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті |
4 |
Қазақ ұлттық аграрлық университеті |
5 |
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті |
6 |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті |
7 |
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті |
8 |
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті |
9 |
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті |
10 |
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті |
Қалған офис-қатысушылары іріктелген негізгі офистерге өңіріне қарай және халықаралық Консультанттың ұсынымдары бойынша бекітіледі.
27 қараша 2017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының (www.fpip.kz) сайттарында жарияланатын болады. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша консультацияларды мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-85, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 888-95-79.
Конкурстық құжатты түсіндіру және өтінімдерді дайындау бойынша консультациялар үшін жауапты конкурс операторының өкілдері - Ақшалова Әсем, Утегулов Алан, Мамбетов Қарасай.
Өтінімдерді қабылдау 2017 жылдың 27 қарашасынан 2017 жылдың 4 желтоқсаны аралығында Астана уақытымен 18 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.
Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрінде) орыс және/немесе қазақ тілінде Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының электронды мекен-жайына қағаз және дискі түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.
Технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу жөніндегі нұсқаулық жүктеу
ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - 1 жүктеу
ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - 2 жүктеу
23 қараша 2017
Құрметті өтінім берушілер,
Презентациялар сатысына өткен «ӨСК І: Индустриялық-ғылыми ынтымақтастық орталығына» жататын жобалардың тізімі төменде көрсетілген:
№ п/п | Кіші жоба нөмірі |
1 | APP-PSCP-I-17/001P |
2 | APP-PSCP-I-17/002P |
3 | APP-PSCP-I-17/003P |
4 | APP-PSCP-I-17/004P |
5 | APP-PSCP-I-17/005P |
6 | APP-PSCP-I-17/006P |
7 | APP-PSCP-I-17/007P |
8 | APP-PSCP-I-17/008P |
9 | APP-PSCP-I-17/009P |
10 | APP-PSCP-I-17/010P |
11 | APP-PSCP-I-17/011P |
12 | APP-PSCP-I-17/012P |
13 | APP-PSCP-I-17/013P |
14 | APP-PSCP-I-17/014P |
15 | APP-PSCP-I-17/015P |
16 | APP-PSCP-I-17/016P |
17 | APP-PSCP-I-17/017P |
«ӨСК І: Индустриялық-ғылыми ынтымақтастық орталығына» жататын жобалар презентацияларын қорғау 2017 жыл 3 желтоқсанда Астана қ., Тәуелсіздік көшесі 41, «Silk Way» БО, 5-қабатта өтеді. Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңес алдында презентацияларды қорғау кестесі кейінірек жарияланатын болады.
Презентацияларды қорғау төмендегі регламентте өтеді:
- презентацияны қорғау ағылшын тілінде өтеді;
- презентацияны қорғауға максимум 3 адам қатыса алады; жобаның басқарушы жоқ жағдайында сөйлеуші сенім хатты беруді қажет;
- презентацияны қорғау үшін өтінім берушіге 10 минут беріледі;
- өтінім беруші ҒКХК мүшелері үшін презентацияның 6 дана үлестірме нұсқасын әзірлеуі тиіс;
- PowerPoint форматында слайдтардың ағылшын және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын (вирустарсыз және зиянды бағдарламаларсыз) әкелуіңіз қажет.
Презентацияның мазмұны жөніндегі ҒКХК мүшелерінің кеңестерімен Жобаның сайтында www.fpip.kz «Консорциумдар» бөлімінде таныса аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша Жобаны басқару тобына келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 23 90 35, 8 (7172) 23 90 64, + 7 708 984 2711.