Жаңалықтар

2019 ж. 7 - 12 сәуір аралығында «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобы Жобаның 4-компонент «Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) және қолданыстағы институционалдық құрылымдардың әлеуетін арттыру үйлестіруді нығайту» аясында Шымкент, Туркестан, Алматы қ. қазақстандық ғалымдарға арналған семинарлар өткізуде.

Аталған семинарлардың мақсаты халықаралық гранттық бағдарламаларға конкурстық өтінімдерді беруді ынталандыру.    

Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық ғылымның дамуына өзіндік шарттарды талап етеді. Сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен ғылымды дамытумен айналысатын тұлғалардың зерттеу қызметін ынталандыру үшін Қазақстанда да бюджеттен тыс қаражатты тарту практикасын енгізу қажет (сыртқы қаржыландыру/шетелден қаржыландыру).  Бұл қазақстандық зерттеулерді жаһандық инновациялық және ғылыми экожүйеге интеграциялау процесін жеделдетуге мүмкіндік туғызады.  Бұл әзірлемелерді халықаралық деңгейге шығаруға ықпал етеді.

Семинар бағдарламасы: ғылыми гранттарды іздеу, конкурстық өтінім беру бойынша құралды пайдалану жөнінде нұсқаулар сияқты әдістерді қамтиді. Ғылыми гранттық бағдарламалар тізілімімен (бұдан әрі – Тізілім) жұмыс істеу негіздері – әр түрлі қорлар мен мекемелер бөлетін халықаралық гранттардың және ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері үшін мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар бөлетін қазақстандық гранттардың тізбесі.

Пилоттық нұсқаны іске қосу www.fpip.kz сайт негізінде жүзеге асырылды.

Кейіннен осы құралды кеңейту және ашық ақпарат көздерінен деректерді жинаумен автоматты түрде айналысатын сандық платформаға айналдыру жоспарланып отыр.

Аталған семинарларды ұйымдастыру шеңберінде ЖБТ Әуезов атындағы ОҚМУ, Яссауи атындағы ХҚТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Сәтпаев университеті, Тұран университеті, ҚБТУ, ҚазҰАУ-да болды.

Семинарға ғалымдар, магистратура және докторантура студенттері, сондай-ақ университеттердің оқытушылар құрамы қатысты.

8 сәуір күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ұлттық университетінде және Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Өнімді инновацияларды ынталандыру" ЖБТ қызметкерлері Жоба құралдарын түсіндіру бойынша семинар өткізді. Менеджерлер университет ұжымы мен ғалымдардың сұрақтарына жауап берді.  Жалпы кездесуде бағдарламаның шарттары туралы мәселелер талқыланды.

Бұл гранттық бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының "нақты" секторына енгізу үшін халықаралық ауқымда бәсекеге қабілетті зерттеулер алу. Алдымызда тұрған міндет - бәсекеге қабілетті зерттеулер алу. Біздің бағдарлама зерттеушілік компонентке баса назар аударады.   Сондықтан, қатысушылар докторантураның 1 курсын бітірген докторанттар немесе техникалық, медициналық және жаратылыстану ғылымдары бойынша докторлық дәреже алғанына 5 жылдан аспаған ғылыми қызметкерлер болуы тиіс.

Бағдарлама пилоттық болып табылады және мұндай гранттарға деген сұранысты зерттеуге және біздің жас ғалымдарымыздың зерттеу сапасын талдауға бағытталған. Бағдарламаның бірінші раунды біздің ғалымдарды QSRankingbysubject top-100 рейтингіне (әлемдегі университеттердің рейтингісі) қабылдауға дайын екендігін көрсетті, бұл жағдай GP міндетті талап болып табылады ) кіретін АҚШ, Сингапурдың, Германияның, Австралияның, Голландияның және т.б. әлемдік жетекші ғылыми орталықтары қабылдауға дайын екенін көрсетті.  

"Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар" гранттық бағдарламасы шетелге "brain-drain" мәселесін шешуге және болашақ жас ғылыми қызметкерлерге әлемдегі үздік ғылыми орталықтар базасында сапалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бүкіл әлемнің ғалымдарымен жаңа байланыстарды жолға қоюға ықпал етеді. Бұл бағдарламаның аясында қазақстандық ғалым өзінің саласы бойынша әлемдегі ең үздік мамандармен бірлескен зерттеулер жүргізуге және олардың басшылығымен жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

Шетелде бірлескен зерттеулер тәжірибесін алған ғалымдар кейіннен Қазақстанда жүргізілетін зерттеулердің сапасын айтарлықтай жақсартады, сондай-ақ әлемдік ғылыми қоғамдастықпен жаңа ғылыми байланыстар жасауға ықпал етеді деп күтілуде.

Бізге Қазақстан экономикасының "нақты" секторына одан әрі енгізу үшін халықаралық ауқымда бәсекеге қабілетті зерттеулердің "пулын" алу қажет. Біздің грант алушыларға қойылатын негізгі талаптардың бірі бизнес-жоспарды немесе коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу болып табылады, бұл одан әрі инвесторды табуға, мемлекеттен қаржыландыруды алуға немесе өз бетінше бизнеске енуге көмектеседі.

 Сонымен қатар, жеңілдетілген өтінім беру процедурасы электронды түрде Портал арқылы жүргізіледі, минималды құжаттар пакетімен. Іріктеуді халықаралық сарапшылар кеңесі жүргізеді. Сарапшылар өтінім берушілердің әзірлемелерін коммерцияландыру перспективасын объекивті бағалайды. Халықаралық практикада ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру деп, әдетте, әзірлемелерді өндіріске немесе бизнеске енгізуден үлестік пайда алуды, патенттеу жөніндегі жұмысты және осы патенттерге лицензия сатудан пайда алуды түсінеді.  Бүгінгі таңда ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау үлкен маңызға ие. Сондай-ақ, университеттерге жаңа білім мен инновациялар жасалатын орын ретінде ерекше мән беріледі. Бұл ретте мемлекеттің рөлі өте маңызды және көптеген елдер ғалымдарды қолдауға едәуір бюджет бөлуде.  Осылайша, бұл бағдарламаның ерекшелігі - тағылымдамадан өту шеңберінде кандидаттар өнертабысты патенттеуге (РСТ) беруге міндетті, бұл болашақта өнертабысты коммерциялық енгізу мүмкіндігін табуға көмектеседі.

29 наурыз 2019 ж. "XXI ғасыр мектебі:  МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕР" аймақтық конференциясы өтті. Конференцияда "Кәсіби бағдар берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі, мамандықтардың қажеттілігін талдау және болжау" кіші және аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттық бағдарлама кіші жобасының жетекшісі қатысты. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері және Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 50-ден астам директорлары мен өкілдері де қатысты. Іс-шараны С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Ә. Төлеген құттықтау сөзімен ашты.

Кіші жоба жетекшісі 5-11 сынып оқушыларының психодиагностикасын жүргізу әдістемесімен, сондай-ақ жобаның ересек бенефициарларын қайта кәсіби бейімдеу әдістемесімен таныстырды.

Психодиагностиканың әзірленген, сынақтан өткізілген әдістемелері "Карьера компасы" түрінде пайдаланушының жеке даму жолын түсіндіру мен құру үшін ақпараттық жүйемен интеграцияланған.

Іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығының сұранысының математикалық болжамының нәтижелері таныстырылды, бұл өңірдегі "мұғалім" мамандығына назар аудару мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысының маңыздылығын тағы да растады. Сонымен қатар, еңбек нарығында ауыл шаруашылығымен байланысты кәсіп трендінің төмендеуі атап өтілді.

Сонымен қатар, bagdar.kz кәсіптік бағдар беру жүйесінің функционалдығы және оның жұмысының ерекшеліктері интернет арқылы ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің білім беру қызметінде сандық құралдарды қолдану және тиімді кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында педагогтар жоба туралы зейінмен тыңдады. Қазақстанда Жастар жылы аясында жас қазақстандықтарды кәсіптік бағдар беруге және жас азаматтарға өз бейімділігін табуға көмек көрсетуге бағытталған "Өзіңді тап" жобасы ерекше қызығушылық тудырды.

2019 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласы, Пожарский көшесі, 1 (Сәтбаев көшесі мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында), «Grand Aiser Hotel», 2-қабат, «Төле би» конференц залында Әлем банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдауымен жаңа перспективалы және инновациялық өнім - «ВАКУУМДЫ ЖЫЛУОҚШАУЛАҒЫШ ПАНЕЛЬДЕР» желісін ашуға арналған «Қазақстан нарығына арналған инновациялық шешім – вакуумды жылуоқшаулағыш панельдер» атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты Әлем банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдауымен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «SAVENERGY» ЖШС өнімі – инновациялық вакуумды жылуоқшаулағыш панельдерін презентациялау болып табылады.

Семинарға 60-тан астам адам қатысты, соның ішінде құрылыс компаниялары, жобалау мекемелері, Алматы қаласының әкімшілігі, «Атамекен» ҚР ҰӘП қатысты. Өнімнің перспективасы талқыланды, үлгілері ұсынылды және оның бірегей артықшылықтарының көрнектілігі көрсетілді, сонымен қатар, вакуумды жылуоқшаулағыш панельдерін қолдану бойынша мастер-класс өткізілді.

Семинар шеңберінде панельдердің шығуы тарихы, оның қаситтері, артықшылықтары мен өндіріс үрдісі жөнінде «SAVENERGY» ЖШС компаниясының директоры Нұрлыбаев Руслан,  PR-менеджер Джолдасов Айдос, сонымен қатар Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың коммерциализациялау офисінің бас менеджері Қаттабеков Арслан сөз сөйледі.

Компанияның қызметкерлері панельдердің қаситтерін, жеке алғанда отқа төзімділіген көрсетті.

 

«Құрылыс материалдарын сертификатты сынақтау орталық зертханасы» ЖШС директоры – Естемесов Затқали Айранбайұлы зертханасында вакуумды жылуоқшаулағыш панельдерді сынақтан өткізген нәтижелерімен бөлісті.

Қорытындылай келе, «Қазақстандық құрылыс материалдарының өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ президенті және техникалық басшысы Алмабаев Сатбек Джандилович, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, «Қазақстан Республикасы Инженерлік компаниялар одағының»  атқарушы директоры Алпысбаев Мелик Нармұхамбетұлы бұл өндірістің өзектілігі және қазіргі уақытқа қажет ететіндігін туралы айтып өтті.

«Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсының» атқарушы директоры Ахимбеков Абылай осы жобадағы Альянстың қызметін әңгімелеп берді.

Семинар пікір таластар мен қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

Семинардың барлық қатысушылары сертификаттар алды.

Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде ғылыми гранттар бағдарламаларының мамандандырылған тізімін (регистр)  құру жұмысы қолға алынды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Технологияларды коммерциализацияландыру кеңселерімен қарым қатынасты нығыйту мақсатында кезекті кездесү өткізілді.

Кездесу барысында,  әлемдік қауымдастық ғылымның дамуына жаңа талаптарды белгілейтіндігі жайлы сөз қозғалды. Қазақстанның  ғылыми ұйымдардың және ғылымды дамытуға қатысатын адамдардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру мақсатымен сыртқы қаржыландыруды тарту тәжірибесін енгізу керек екені баршаға аян.

Қазақстандық  зерттеулерді ғаламдық инновацияларға және ғылыми экожүйеге интеграциялауды жеделдететін нысынанын бірі. Осылайша, қазақ ғылымын халықаралық деңгейге шығара аламыз.

Алғашқы, тесттік нұсқасы www.fpip.kz сайтының негізінде іске қосылды.

Болашақта бұл әдістемелер кеңейтіліп, ашық ақпарат көздерінен автоматты түрде жинайтын сандық платформа болып өз жұмысын дербес түрде атқарады.

Халықаралық гранттар бағдарламаларына конкурстық өтінімдерді дұрыс тапсыру үшін жоғары оқу орындарында орналасқан технологияларды коммерциализациялау жөніндегі кеңселермен белсенді жұмыс жүргізілуде.

Болашақта осы ғылыми гранттар бағдарламаларының мамандандырылған тізімін (регистр) құру жұмысын насихаттау үшін Қазақстанның түпкір-тіпкірінде орналасқан жоғары оқу орындарында жоспарлы кездесулер өткіземіз.

 

Анықтама үшін: Ғылыми гранттар бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі - регистр) түрлі қорлар мен мекемелер бөлінген халықаралық гранттардың тізімін және ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері үшін үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар ұсынатын  гранттар тізімі.

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: