Жаңалықтар
Біздің грант алушылар жаңа жабдық - биопрепаратты алу мақсатында микробтық биомассаны өсіруге арналған ферментерде жұмыс істеу бойынша оқудан өтті. Сондай-ақ, оқу кезінде ресейлік мамандардың басшылығымен құрғақ препаратты алу мақсатында лиофильді кептіру негізінде жұмыс игерілді.
Оқуға қатысты: "БИО-KATU" ЖШС бас директоры Науанова Айнаш Пахуашовна, аға ғылыми қызметкер Ануарбекова Сандуғаш Сәкенқызы, кіші ғылыми қызметкерлер Айдарқұл Рая Садуахасовна және Ерпашева Дана Муратовна, зерттеуші Ермеков Алтынбек Еркенұлы, "BioMix" ЖШС директоры Закарья Күнсұлу, инженер-технолог Темірханов Аслан, сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің магистранттары мен студенттері.
"Казтехавтоматика" ЖШС SMART-технологиялар негізіндегі энергия пайдалануды тиімді басқарудың зияткерлік жүйелерін сату жөнінде 2 шарт жасасқанын қуана хабарлаймыз. Шарттардың жалпы сомасы 32,4 млн. теңгені құрайды.
Дүниедүзілік банк пен Ғылым комитетінің қолдауының арқасында, бөлінген грант қаражатының аясында "SMART-технологиялар негізіндегі энергия пайдалануды тиімді басқарудың зияткерлік жүйесі" жобасын іске асыру мақсатында "Казтехавтоматика" ЖШС старт-ап компаниясы құрылған болатын.
Ұсынылып отырған жүйе энергия үнемдеу мәселесін шешеді, SMART-желі шеңберінде энергия пайдалануды қашықтан басқару мүмкіндігін береді, сондай-ақ әрбір жарықтандыру құрылғысына кері байланыспен бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Әзірленген шешім жүйені едәуір масштабтауға және кез-келген жүктемені басқаруға бейімдеуге мүмкіндік береді, бұл болашақта жаңа нарықтарға шығуға жағдай жасайды.
Айта кететін жәйт, бұл жүйе толықтай қазақстандық әзірлеме болып табылады және зияткерлік меншікпен қорғалады.
Ұсынылатын Жүйенің артықшылықтары:
Экономикалық әсер – электр энергиясын пайдалануды азайту, нақты пайдалану жағдайларына қарай, 60% - ға дейін жетеді. Қызмет көрсету бойынша шығындар айтарлықтай қысқарады.
Қазіргі уақытта бұл SMART-жарықтандырудағы жалғыз отандық әзірлеме болып табылады, тек шетелдік аналогтары бар.
Астанада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және "Ғылым қоры" өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясында Министрліктің Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберіндегі жұмысының нәтижелері ұсынылды.
Баспасөз конференциясына ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ТөрағасыБолатбек ӘБДІРӘСІЛОВ, "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы директорының орынбасары Мұрат САРТБАЕВ, "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының аға менеджеріБауыржан ЕРЕШЕВ, "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының аға менеджері Дархан СЕЙТКАЗИН және "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының аға менеджері Алан УТЕГУЛОВ қатысты.
"Нұр Отан" Орталық аппаратында "Жоғары технологияларды дамыту" бағыты бойынша комиссияның отырысы өтті. Отырысқа ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов қатысты. Б. Әбдірәсілов инновацияларға қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жөнінде есебін ұсынып, Дүниежүзілік банкпен бірлескен "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру барысы жайлы баяндап берді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдардың жобаларын коммерцияландыруды қолдау процесі негізінен Ғылым қорының және Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасының" гранттары есебінен жүргізіледі.
Толығырақ мұнда
"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы директорының орынбасары Мұрат Сартбаев және Ғылым қорының Ануарбек Сұлтанғазин Atameken Business Channel телеарнасындағы "Время говорить" бағдарламасына қатысты..