Жаңалықтар
Жобаны іске асыру шеңберінде 11-13 қараша аралығында Астана қаласында және 14-17 қараша аралығында Алматы қаласында ҒКХК мүшелерімен бірлесіп АҒҚТ/ГҒҚТ және ӨСК гранттық бағдарламалары бойынша іріктелген кіші жобалардың мониторингі өтті.
Астанада Жобаны басқару тобы брокерлер мен ҒКХК мүшелерімен біргелікте 20 кіші жобаны тыңдады.
14-17 қараша аралығында Алматы қаласында 22 кіші жобаға мониторинг жүргізілді.
Сонымен қатар, көшпелі мониторинг өткізіліп, ҒКХК мүшелері ЖБТ қызметкерлерімен және технологиялық брокерлермен бірге үш кіші жобаның өндірістік объектілеріне барды.
Мониторинг барысында кіші жобалар топтары іске асыру жоспарына сәйкес қол жеткізілген нәтижелерді баяндап берді.
ҒКХК мүшелері кіші жобалардың нәтижелерімен мұқият танысып, 17 қарашада өткізілген мониторингке қатысты қорытынды жиналыс өткізді. ҒКХК мүшелері кіші жобаларға нақты ұсыныстар берді.
2018 жылдың 18 қыркүйегі мен 19 қыркүйегі аралығында ЖБТ қызметкерлері "Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар" гранттық бағдарламасы бойынша семинарлар өткізді. Семинар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілді.
Сонымен қатар, "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы" АҚ вице-президенті А. Е. Маулитовпен "Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар" гранттық бағдарламасының өтінім берушілерінің анықтама алу рәсімдерін жеделдету, сондай-ақ 4-компонент "Инновациялық обсерватория" шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
20 қыркүйекте Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасынд"Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар" және "Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасы бойынша түсіндірме семинары өткізілді.
2018 жылдың 21 қыркүйегінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қабырғасында Шымкент қаласынан әлеуетті өтінім берушілеріне арналған түсіндірме семинар өткізілді.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 21 қыркүйегінде Шымкент қаласында "Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасын жариялау үшін "Атамекен" ҰКП филиалының өкілдерімен кездесу өтті.
ҚР Парламенті Сенатында өткен "дөңгелек үстелде" қос палата депутаттары қазақстандық ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қазіргі заңнаманың тиімділігін қарастырды.
Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов бұл бағытта атқарылған жұмыс туралы баяндап берді. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша: "Коммерцияландыру гранттық жобалары шеңберінде 2016 жылы 712 млн. жеке инвестициялар тартылды, қоса қаржыландыру үлесі 8%-ды құрады, ал бұл жылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға жеке сектор тарапынан қаражат құю сомасы 3 есе артып, 2,5 млрд теңгені құрады, ал жеке бизнестен қоса қаржыландыру үлесі 13%-ды құрады".
Вице-министр ҚР БҒМ қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруды әрі қарай дамыту қажет деп санайтынын атап өтті. Сонымен қатар, вице-министр Аймағамбетовтің пікірінше, инновацияларды өндіріске енгізу және жалпы ғылымды дамытудың қарқынына ықпал ететін бірқатар мәселелерді шешу қажет. Атап айтқанда, қазақстандық ғылымның әзірлемелерін өндіріске енгізетін мекемелерге қатысты салық саясатын қайта қарастыру қажет.
Мұндай саясат дамыған елдерді жоғары тиімділік көрсетті, ал Қазақстандағы инновациялық әзірлемелердің әлеуеті жоғары екендігі сөзсіз.
Депутаттар және қатысушы сарапшылар вице-министр Аймағамбетовке стратегиялық және практикалық сипаттағы бірқатар сұрақтар қойып, ғылыми саланың перспективалары жайлы пікірталасқа белсене қатысты.
2018 жылдың 6 тамызында "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының "Өндірістік сектор консорциумдары" гранттық бағдарламасының 2-айналымы шеңберінде өтінімдерді қабылдау аяқталды.
Конкурс нәтижесі бойынша, 22 өтінім қабылданды.
ӨСК І грант түрі бойынша жалпы сомасы 4,58 млрд теңгеге 8 өтінім берілді, 10% қоса қаржыландыру құрайды.
ӨСК ІІ грант түрі бойынша жалпы сомасы 9,3 млрд теңгеге 14 өтінім қабылданды, оның 42%-ын бизнес тарапынан қоса қаржыландыру құрайды. ӨСК ІІ гранты аясындағы 4 өтінім әкімшілік критерийлер бойынша қабылданбайды. Басқа өтінімдерді Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңес Портал арқылы қарастырып, бағалайтын болады.
Жеңімпаздарды іріктеу 2018 ж. қыркүйекте жүргізіледі.
«Бұл бағдарламаның басты мақсаты - саланың жүйелік міндеттерін шешетін жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында ғылым мен бизнестің күшін біріктіру. Бұл бағдарлама өндірістік компаниялар және ғылыми ұйымдардан тұратын консорциумдарға арналған. Бұл бағдарлама, сондай-ақ Жоба еліміздің экономикасына ұзақ мерзімді әсер етеді деп күтудеміз».
Анықтама:
"Өндірістік сектор консорциумдары" гранттық бағдарламасы аясында екі түрлі грант берілетін болады:
ӨСК I: Ғылыми ұйым негізіндегі ғылыми-индустриялық ынтымақтастық орталығы. Мақсаты: қатысушы өндірістік компаниялардың қажеттіліктері үшін қолданбалы ҒЗТКЖ құра алатын ғылыми орталықты құру.
ӨСК ІІ: Өндірістік мекеме негізіндегі ғылыми-индустриялық технологиялық консорциум. Мақсаты: ғылыми ұйымдардың көмегімен әзірленген және енгізілген инновациялар.
Қосымша ақпарат алу үшін Жобаның PR-менеджеріне хабарласуыңызды сұраймыз: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її., тел.: +77172277123