27 қараша 2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының  университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының (www.fpip.kz) сайттарында жарияланатын болады. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша консультацияларды мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-85, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 888-95-79.

Конкурстық құжатты түсіндіру және өтінімдерді дайындау бойынша консультациялар үшін жауапты конкурс операторының өкілдері -  Ақшалова Әсем, Утегулов Алан, Мамбетов Қарасай.

Өтінімдерді қабылдау 2017 жылдың 27 қарашасынан 2017 жылдың 4 желтоқсаны аралығында Астана уақытымен 18 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрінде) орыс және/немесе қазақ тілінде Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының электронды мекен-жайына қағаз және дискі түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу жөніндегі нұсқаулық жүктеу

ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - 1 жүктеу

ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - 2 жүктеу

ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - 3 жүктеу

ТТК/ТКК іріктеу жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша - C жүктеу