«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурс жарияланды.  

Бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік мәселелерін шешетін технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік сектор кәсіпорындары арасында консорциумдарды құру болып табылады.

Гранттың максималды көлемі 650 млн. теңгені құрайтын болады. Жобаларды әлемнің әр түрлі елдерінің сарапшыларынан құралған Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес іріктейтін болады.

Гранттық бағдарлама талаптарына сәйкес, консорциум:

  1. ғылыми ұйымдардан (ЖОО, ҒЗИ және т.б.) және экономиканың өндірістік секторларының бизнес өкілдерінен құралуы тиіс,
  2. жүзеге асыру мерзімі үш жылдан аспауы қажет,
  3. экологиялық талаптарға сай болуы,
  4. қаржыландыру бағытына сай болуы тиіс. Мысалы, технологияларды коммерцияландыру бойынша басқа бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылған жобалар қабылданбайды. Сонымен қатар, қаржыландыруға жатпайды: қару-жарақты, темекі, алкоголдік өнімдер, пестицидтер өндіру және сақтау өндірісі, бір сөзбен айтқанда, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі немесе ұзақ мерзімді зиян келтіруі мүмкін кез-келген жобалар.

Конкурстың талаптарына сәйкес, барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық түрде www.fpip.kz интернет-порталы арқылы жіберілуі тиіс.

Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы – жоғары зияткерлік ортаны қалыптастыру мен инновациялық технологиялар трансферті арқылы Қазақстанның экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылып отырған жоба.

Интервью ұйымдастыру және қосымша ақпарат алу үшін Жобаның PR-менеджеріне +7 777 0344293 телефоны немесе электронды мекен жай e-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.